Жаназа және жерлеу рәсіміне қатысты талаптар
Аса рақымды ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймыз! Ардақты ағайын, құрметті бауырлар! Елімізде вирустық індеттің өршіп тұрғаны өздеріңізге мәлім. Індет жұқтырған адамдардың саны көбейіп тұр, қаза тапқандар да аз емес. «Сақтансаң, сақтаймын» демекші, әлемге қауіп төндірген дертке немқұрайлы қарау – өзіміз үшін ғана емес, айналамыздағы жандардың өміріне де қауіп төндірері хақ. Осы орайда, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы елімізде жүргізіліп жатқан карантиндік іс-шараларды сақтай отырып, індеттің алдын алу мақсатында ел азаматтарын жаназа намазы мен жерлеу рәсімін өткізуге қатысты төмендегі талаптарды орындауға және дін [...]












