Қауіпсіздік – әр адамның өз қолында
Жаз мезгілі басталысымен жұртшылық өзен-көл жағасына асығады. Алайда судағы демалыс тек қуаныш пен сергектік сыйлауы үшін қауіпсіздік мәселесі басты назарда болуы тиіс. Осыған байланысты 2026 жылғы шомылу маусымы қарсаңында Қостанай облысының Төтенше жағдайлар департаменті ауқымды дайындық жұмыстарын жүргізіп жатыр. Қостанай облысы әкімінің 2025 жылғы 25 желтоқсандағы №376 қаулысына сәйкес, өңірде шомылуға арналған 25 орын белгіленді. Оның 6-ы коммуналдық, ал 19-ы жекеменшік жағажай. Мамыр айында Жедел-құтқару жасағының сүңгуірлері барлық жағажайлардың су түбін тексеріп шықты. Сонымен қатар Рудный, Лисаковск қалалары мен Қарабалық [...]












