Кел ойнайық, тоғызқұмалақ!
Тоғызқұмалаққа тосырқамай қараңыз! Ата дәстүр салтыңызға санаңыз! Өзіңді-өзің қазақпын деп санама Бұл өнерді үйренбесе балаңыз! Осындай өнер жолдарымен Абай атамыз өсиет еткен тоғызқұмалақтан 2023 жылдың 5-7 мамыр аралығында Қостанай облысының рапид пен блицтен ерлер мен әйелдер арасында Қостанай облысының жеке чемпионаты өткен болатын. Тоғызқұмалақ ойынының сақ, ғұндар дәуірінен бері қарай 4 мың жылдық тарихы бар. Оны түркі тілдес халықтардың ішінде: Қырғыз, Өзбек, Қазақ, Қарақалпақ, Түрік және Алтай елдерінде ойнайды. Бұл ойынды тіпті әлемнің екінші ұстазы Әл-Фараби де сүйіп ойнаған, терең зер салып, зерттеп, өз жазбаларында [...]












