Қазақстан мен Әзербайжан президенттері БАҚ үшін брифинг өткізді
Шағын және кеңейтілген құрамда өткен екіжақты келіссөздер қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ильхам Әлиев бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері үшін бірлескен мәлімдеме жасады. Мемлекет басшысы өз сөзінде шақыруын қабыл алып, Астанаға ресми сапармен келгені үшін Әзербайжан Президентіне ризашылығын білдірді. – Бүгінгі сапардың маңызы ерекше. Екі ел арасындағы байланыстар өзара сенімге және қолдауға негізделген. Яғни, екіжақты ықпалдастықты одан әрі нығайтуға мол мүмкіндік бар. Біз бүгін шағын және кеңейтілген құрамда мазмұнды келіссөздер өткіздік. Сауда-экономика, көлік-транзит, энергетика салаларындағы қарым-қатынасты дамыту мәселесін талқыладық. Сондай-ақ, мәдени-гуманитарлық байланысты [...]












