Ана тілім – өз тілім
Қостанай аудандық тілдерді оқыту орталығында 4-8 қыркүйек аралығында Қазақстан халықтарының тілдері күніне арналған іс- шаралар өтті. 2017 жылдың күзінде үкімет қаулысымен Тілдер күні 5 қыркүйекке ауыстырылды. Мұның өзіндік себебі бар еді. 5 қыркүйек – қазақ халқының тағдыры мен тілі үшін күрескен Алаш арысы, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні. Міне, осы себептен 2018 жылдан бастап Қазақстан халқы тілдері күні қыркүйектің бесінші жұлдызында мерекеленеді. 2023 жылғы 5 қыркүйекте қазақтың біртуар тұлғасы Мағжан Бекенұлы Жұмабаевтың 130 жылдық мерейтойына арналған жалпықазақстандық ашық диктант өтті.Аталған [...]