Салт-дәстүрді дәріптеп

Салт-дәстүрді дәріптеп

Жас ұрпақ бойына халқымыздың рухани байлығын сіңіру, ұлтымыздың дәстүрлерінен үлгі алу, қазақ халқының салттары туралы білімдерін толықтырып, кеңейту мақсатындағы Мичурин мектебінде салт-дәстүрді дәріптейтін жоба ұйымдастырылды. Жобаның шымылдығын «Бастаңғы» ашты.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бастаңғы – қазақ жастарының дәстүрлі сауықтарының бірі. Үйдің үлкендері жолаушылап кеткенде жастар сол үйге жиналып, Бастаңғы жасалады.

Бастаңғының екі түрлі тәрбиелік мәні бар. Алғашқысы баласының үйде отырып томаға-тұйық болып қалмауына, елмен араласуына, замандастарымен жақын танысуына жол ашу, қонақ күте білуге баулу. Енді бірі – қызды қазан-аяқ ұстауға, дастархан жасай білуге үйрету.

Мектебіміздің қабырғасында оқушылар үшін осындай жиын өткізіліп, «Балалар ойын-сауық кеші» ұйымдастырылды. Басқосу барысында оқушылар әзіл-оспақ айтысып, мақал-мәтелдер мен жұмбақтар шешіп, ұлттық ойындар ойнап, ән салып, күй тартып, әр түрлі өнерлерін ортаға салды. Сауықтыру ойын кеші ән айту, «Қара жорға» биін сүйемелдеп, ою-өрнек қию және қызықты тапсырмалар орындаумен жалғасын тапты. Кеш соңында оқушыларға өздерін жан-жақты көрсете білгені үшін мадақтамалар мен тәтті сыйлықтар берліді.

Осындай іс-шаралар өсіп келе жатқан жас ұрпаққа оң әсерін тигізіп, өздерін еркін сезіне отырып, шығармашыл да білімді оқушылар болып қалыптасуына орасан зор ықпалын тигізетініне сенімдіміз.

Ерасыл ҚАЗЫБАЕВ,
Мичурин ЖББМ
мектеп басшысының тәрбие
ісі жөніндегі орынбасары,

Асем КУЗЕМБАЕВА,
бастауыш сынып мұғалімі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


Поделитесь этой новостью!