Нобель алған журналист: Біз фактілерді жоғалтсақ, демократияны жоғалтып аламыз

Нобель алған журналист: Біз фактілерді жоғалтсақ, демократияны жоғалтып аламыз

Филиппиндік журналист, «Rappler» ақпараттық сайтының бас директоры Мария Ресса жақында Нобель сыйлығының лауреаты болып, әлемдік беделді сыйлықты алған 18-ші әйел және филиппиндік алғашқы адам болды.

Нобель комитеті баспасөз еркіндігі мен сөз бостандығына қосқан үлесі үшін Ресса мен ресейлік журналист Дмитрий Муратовқа Нобель бейбітшілік сыйлығын берді.
Ресса өз еліндегі жайдайларды әлемдік деңгейде көтерді.
«Фактілер кез келген демократияның негізі болып табылады. Сөз бостандығы, баспасөз еркіндігі – бұл өз ойыңды жазадан қорықпай айта білу» – дейді ол.

Күлімсіреп тұрып қорқытуға қарсы тұру
Филиппин президенті Родриго Дутертені сынға алған Ресса талай рет қорқыту мен қоқанлоқыға тап болды. Филиппин президентінің баспасөз хатшысы Гарри Роке Нобель сыйлығы «Дутерте әкімшілігінің бетіне тиген шапалақ емес, өйткені Филиппинде ешкімге цензура қойылмаған» – деп мәлімдеді. Ал, лауреат Рессаның оған күлгеннен басқа шарасы жоқ.
«Былайша түсіндіруге рұқсат етіңіз. Білесіз бе, Филиппиндегі ең ірі хабар таратушы қазір жабылған және 1972 жылы әскери жағдай жарияланған кезде жабылды. Осы әкімшілік кезінде кемінде 19 журналист өлтірілді. 23 жасар журналист бір жыл бойы түрмеде отыр. Сіз білесіз бе, мен екі жылға жетпейтін уақыт ішінде қамауға алу туралы 10 санкция алдым. Сондықтан кейде тек күлімсіреу керек» – деді Ресса.
Ірі технологиялық компаниялар – демократияға ең үлкен қауіп төндіруде
Ол қазіргі уақытта демократияға ең үлкен қауіп технологиялық компаниялардан келетінін айтты. Ресса қазіргі кезде журналистердің рөлін ірі тенх-компаниялар тартып алғанын, бірақ ол компаниялардың нағыз журналистік ережелерге сәйкес келмейтінін жеткізді.
«Менің ойымша, жаһандық демократияның кері кетуінің себебі тех-компаниялардың шындықты бүркемеленуінде болып отыр. Олар БАҚ-тың рөлін тартып алды, біздің жұмысты тартып алды. Олар (тех-компаниялар) билікті өз қолдарына алғанымен, жауапкершіліктен бас тартты» – деді Нобель сыйлығының лауреаты.
Ресса техника мен фактілердің күшейіп келе жатқан мәселесін көрсетіп, «әлеуметтік желі дәуірінде сіз ақпараттың шынайы немесе әдейі жасалған өтірік екенін ажырата алмайсыз»-деп атап өтті.

Facebook фактілерге қарсы
«Менің ойымша, мәселенің мәні – бұл барлық әлеуметтік медиа платформалардың өтірік пен фактілерге біркелкі қарауында» – деді Ресса.
«Зерттеулер әлеуметтік желілерде кек пен жеккөрушілік тез таралатынын көрсетті. Сонымен қатар, әлемдегі ең үлкен хабар тарату платформасы фактілерге қарсы және журналистикаға қарсы платформа» – деген Ресса Facebook компаниясын мысалға келтірді. Ол Facebookтың кейбір дұрыс емес шешімдерінен кейін пропаганадаға және фейк ақпараттарға жол берілгенін атап өтті.
Сонымен қатар, Ресса Оксфорд университетінің пропагандаларды есептеу туралы зерттеулерін алға тартты.
Демократиялық заң шығарушылар арасындағы түсініктердің өзгеруі туралы айта отырып, Ресса «біз ақырында мазмұнды модерациялаудан алгоритмдік тарату – алгоритмдік күшейту және оның адамдарды платформада қалай манипуляциялағанын білуіміз керек» дегенді құптады.

Кейбір саясаткерлер әлеуметтік медиа платформаларын қолданып, дизинформация таратып, тарихты қайта жазғысы келеді
Журналист Филиппиндегі сайлау туралы айта отырып: «Бұл фактілер үшін күрес болады, және біз бұл фактілердің жеңетініне көз жеткізуіміз керек»- деді. Facebook, Twitter сияқты әлемдік ірі тех-компаниялар дизинформацияларға қоршаулар орнатып, фактілерге басымдық беру керек екенін мәлімдеді.
«Егер біз фактілерді жоғалтсақ, демократияны жоғалтуымыз мүмкін» – деді Ресса.
Журналистерге берілген Нобель сыйлығының месседжы туралы Ресса соңғы рет 1936 жылы Нобельді журналист алғанын еске алды. Алайда, ол кезде журналист Карл фон Оссицкий нацистік концлагерьде болғанын, оның сыйлықты қабылдауға рұқсат етілмегенін атап өтті. «Менің ойымша, бұл Нобель комитетінің бізге тағы да берген месседжы. Егер біз фактілерді жоғалтсақ, демократияны жоғалтып аламыз» -деді журналист.
«Қамшы»

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


Поделитесь этой новостью!