Динарамен мақтанамыз!

Динарамен мақтанамыз!

2023 жылдың 28-30 сәуірі аралығында Астана қаласында пара дзюдодан Азия чемпионаты өтті.

Жарысқа Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Жапония, Моңғолия, Үндістан, Қытай Тайбэй, Индонезия, Иран, Оңтүстік Корея және Таиланд елдерінен 100 татами шебері қатысты.

«Қостанай облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ қолдауымен біздің облыстың намысын Қазақстан Республикасының Ұлттық құрама командасының мүшесі, Қостанай ауданы, Тобыл қаласының спортшысы Куджулова Динара абыроймен қорғап шықты. Спортшы J1 санаты бойынша 70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен болатын.

Жарыс қорытындысы бойынша Динара жеке санатта 3 орынды иеленді. Бірінші жекпе-жекте Динара Үндістан мен Қырғызстаннан келген спортшыны жеңіп, Жапониядан келген спортшыдан шамалы ұпаймен жеңілісті қабылдады. Жеке жарыстар аяқталғаннан кейін ерлер мен әйелдер арасында командалық кездесулер өтіп, онда Қазақстан командасы 1-орынды қанжығасына байлап, Азия чемпионы атанды. Бұл додада Динара қызымыз жарыс рекордын орнатты, бұл 4 секундтағы ең жылдам IPPON болды. Осы жарыста спортшы халықаралық медициналық жіктеуден сәтті өтіп, оның қорытындысы бойынша Динараға J1 санаты берілді.

Спортшы қызымыз Динараны және осы жеңістің бірден-бір себепкері бапкері Сорокин Иван Сергеевичті шын жүректен құттықтаймыз! Спортшы қызымызға спорт әлеміндегі биік белестерді бағындырда беруіне тілекшіміз!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


Поделитесь этой новостью!