Қоғамның шимай жазуы… (16+)
Осы жылдың алғашқы тоқсанында синтетикалық есірткімен айналысушылар 24% өскен. Бұл деректі Қостанай облыстық ЖИТС-пен (СПИД) күрес және алдын алу орталығы ұсынып отыр. Есірткі бизнесінің етек жайып кетуіне көшелердегі жарнамалар себеп. Жамандыққа үгіттеген жазулар әсіресе қалаларда көп. Құқық қорғаушылар мен еріктілер өшіріп әлек, алайда, қылмысқа баратындар айла-амалын асырып жатыр. Көп қабатты үйлердің қабырғаларынан, сақалды ғимараттар сыртынан түсініксіз жазуларды жиі байқайтын болдық. Кейде орыс тілінде «скорость» деп жазып, әлеуметтік желілердегі парақшаларға сілтемелер келтіріледі. Әрине, қаптаған құпия таңбалар мен «жылдамдықтың» нені білдіретінін бүгінде [...]