Болашақ – ақыл мен парасатта
Елбасының Қазақстандағы «бүгiнгi таңдағы идеологиялық саланың төрт шешушi басымдығы» ретiнде ұсынған «Ұлттың тұрақты дамуы», «Мемлекеттiлiктiң нығаюы», «Халықтың бiрлiгi» және «Келешекке сенiмi» бұрыннан айтылып келе жатқан және жүргiзiлiп отырған саясатпен қатар, iшкi саясаттағы жаңа құндылықтардың және мiндеттердiң енгiзiлгенiн бiлдiредi. Дегенмен оны әлi де жетiлдiре түсу сұранысқа ие болып отыр. Қытай реформаторының айласы Өткен ғасыр басында қазақтың ұлттық болмысы қандай деп қатты тебiренген Абай, елдің замана талабына бейiмделе бiлу қасиетiн «орынды қаракет» деп таныған едi. Абай iсiн жалғаған ХХ ғасыр зиялы қауымының көсемi [...]












