ХХІ ғасырдағы ата-ана қандай болуы керек?
Биылғы оқу жылының басында республика бойынша 1, 10, 11 сынып оқушыларының ата-аналарына психология-педагогикалық көмек ретінде конференция өткізілді. Ондағы мақсат – әр ата-ананың баласына деген жауапкершілігін арттыру. Мемлекеттік тілде оқытатын Заречный орта мектебінде өткен конференцияны оқу ошағының директоры Көпжасар Қажымұқанұлы ашып берді. Сөз жарысында ұстаздар мен ата-аналар түрлі тақырыптарда ой өрбітті. Ақпараттық қауіпсіздік, балаларды интернет арқылы түсетін жағымсыз ақпараттан қалай қорғау қажет? Интернетке тәуелділік қалыптасуының қалай алдын алуға болады? Бұл сұрақтарға берілген жауаптар бір жерден шықты: баланы үнемі бақылауда ұстау, дұрыс бағытқа [...]