«Ақ арман желкені»
Дарынды ақын, аудармашы, журналист, Қазақстанның мәдениет қайраткері Марфуға Бектемірованың 65 жылдық мерейтойына орай аудандық балалар кітапханасы Н.Наушабаев мектеп-гимназиясының 8 сынып оқушылары арасында «Ақ арман желкені» атты ісшара өткізді. Іс-шара барысында оқушылар Марфуға Бектемірованың өлеңін мәнерлеп оқып, ақынның кітаптары қойылған көрмемен танысты. Оқушыларға ақын жайлы бейнебаян көрсетіп, ақынның шығармашылығы мен өмірі жайында сыр шертілді. Шараға қатысушылар поэзиямен сусындап, мол рухани азық алды. Марфуға Бектемірова еңбек жолының біраз бөлігін Қостанай өңіріне арнаған жан. Қостанай телерадио комитетінде, кейін Қостанай облыстық әкімдігінің ішкі саясат бөлімінде [...]












