Динарамен мақтанамыз!
2023 жылдың 28-30 сәуірі аралығында Астана қаласында пара дзюдодан Азия чемпионаты өтті. Жарысқа Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Жапония, Моңғолия, Үндістан, Қытай Тайбэй, Индонезия, Иран, Оңтүстік Корея және Таиланд елдерінен 100 татами шебері қатысты. «Қостанай облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ қолдауымен біздің облыстың намысын Қазақстан Республикасының Ұлттық құрама командасының мүшесі, Қостанай ауданы, Тобыл қаласының спортшысы Куджулова Динара абыроймен қорғап шықты. Спортшы J1 санаты бойынша 70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен болатын. Жарыс қорытындысы бойынша Динара жеке санатта 3 орынды иеленді. [...]












