Қайырымдылық саласында «Жомарт жүрек» сыйлығын беру туралы өтінімдерді қабылдау басталды
Сыйлықты Қазақста Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Қазақстандағы қайырымдылық қызметінің дамуына елеулі үлес қосқан қайырымдылық жасаушыларды іздеу және көтермелеу мақсатында тағайындады. Республикалық сыйлық бес номинация бойынша беріледі. 1) «Жыл тұлғасы» - белсенді филантропиялық қызметі үшін. Лауреаттар тек жеке тұлғалар бола алады; 2) «Жыл меценаты» – белсенді меценаттық қызметі үшін. Сыйлық лауреаттары жеке тұлғалар ғана бола алады; 3) «Туған өлке» – кіші отанды қолдау бойынша әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асырғаны үшін. Жеке және заңды тұлғалар лауреаттар бола алады; 4) «Жылдың үздік ұйымы» – қайырымдылық [...]












