Қайырымдылық саласында «Жомарт жүрек» сыйлығын беру туралы өтінімдерді қабылдау басталды

Қайырымдылық саласында «Жомарт жүрек» сыйлығын беру туралы өтінімдерді қабылдау басталды

Сыйлықты Қазақста Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Қазақстандағы қайырымдылық қызметінің дамуына елеулі үлес қосқан қайырымдылық жасаушыларды іздеу және көтермелеу мақсатында тағайындады.

Республикалық сыйлық бес номинация бойынша беріледі.
1) «Жыл тұлғасы» – белсенді филантропиялық қызметі үшін. Лауреаттар тек жеке тұлғалар бола алады;
2) «Жыл меценаты» – белсенді меценаттық қызметі үшін. Сыйлық лауреаттары жеке тұлғалар ғана бола алады;
3) «Туған өлке» – кіші отанды қолдау бойынша әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асырғаны үшін.
Жеке және заңды тұлғалар лауреаттар бола алады;
4) «Жылдың үздік ұйымы» – қайырымдылық бағдарламасын тиімді іске асыру үшін.
Жеке мекеменің, жалпы бірлестіктің, акционерлік қоғамның, қордың, қауымдастық (одақ) нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігінің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған коммерциялық емес ұйымдар-заңды тұлғалар ғана лауреаттар бола алады;
5) «Жылдың үздік қамқоршысы» – әлеуметтік маңызды өзгерістер мен қайта құруларға әкеп соққан кешенді қайырымдылық қызметі үшін, қайырымдылық көмегі үшін.
Кәсіпкерлік қызмет субъектілері ғана лауреат бола алады.

Өтінімдер 2022 жылғы 25 мамырға дейін Қостанай ауданы әкімдігінің «Ішкі саясат бөлімі» ММ kost-raion-ovp@mail.kz жолданады, анықтама телефоны: (8-71455) 2-15-97.
Толығырақ ақпаратпен мына сілтеме бойынша танысуға болады: https://www.facebook.com/kost.raion.ovp/posts/713968589786920

 

 

 

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


Поделитесь этой новостью!