Наурыз – сананы жаңғыртатын мейрам
Енді бірнеше күннен кейін халқымыз Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мейрамын мерекелеуді бастайды. Көктем мерекесі саналатын 22 наурыз бұрын қалай тойланып еді? Қазір қалай тойланып жүр? Уақыт өткен сайын ата-бабамыздан мирас болып келе жатқан салт-дәстүрлеріміздің көбі ұмытылды. Әсіресе, Наурыз десе жұрт тек қана ішіп-жеу мен ас мәзірін ғана тілге тиек етеді. Жастарымыз біле бермейтін Наурыздың ерекшеліктері жетерлік. Ата-бабаларымыздан мұра боп қалған салт-дәстүрлер әрдайым игі мақсаттар үшін қолданыста болған. Сол себепті оларды біле жүру, кей-кейде өмірде іске асыру да артық етпес. Қазақтың [...]