Отбасы – бақыт мекені
Мамырдың 15 жұлдызында ауданымыздың «Алтын дән» мәдениет үйінде, Халықаралық отбасы күніне орай «Отбасы – бақыт мекені» атты аудандық байқау өтті. Сайысқа мәдениет жанашырлары, өскелең ұрпаққа ата-бабамыздан қалған салт-дәстүрлерді насихаттап жүрген өнегелі, өнерлі ақ жаулықты әжелер немерелерімен қатысты. Байқау 4 кезең бойынша жүргізілді. І кезең - өзін таныстыру, ІІ кезең - тағам түрлері, ІІІ кезең – салт-дәстүр, ІV кезең – шығармашылық. Отбасы мерекесіне орай ұйымдастырылған сайыстың мақсаты өскелең ұрпақты ата-баба дәстүрімен тәрбиелеу. Әже тәрбиесін үлгі [...]