Батыр есімі ескерусіз қала бере ме?
Екінші дүниежүзілік соғыста ерлік көрсетіп, Кеңес Одағының Батыры атағына ие болғандардың 31-і – қостанайлық жауынгер. Сүйегі майдан даласында қалған боздақ Қасым Ахметовті де осы батырлар қатарына қосуға болар. Оны Кеңес Одағының Батыры атағына ұсынған марапаттау қағазы 72 жылдан кейін (2014-2015 ж) табылды. Қостанай облысы, Мендіқара ауданының Төлеңгіт ауылында 1917 жылы туған Қасым Ахметов 1939 жылы қыркүйек айында әскер қатарына шақырылған. Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігінің Орталық архивінен табылған 1943 жылы 30 желтоқсанда толтырылған марапаттау қағазында Белорусь майданының 63-ші армиясына қарасты 41 атқыштар [...]












