ҚР ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ 35 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫНА ОРАЙ «ЖЫЛ ҮЗДІГІ – 2026» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПАТРИОТТЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ӨТКІЗУ ЕРЕЖЕСІ

ҚР ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ 35 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫНА ОРАЙ «ЖЫЛ ҮЗДІГІ – 2026» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПАТРИОТТЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ӨТКІЗУ ЕРЕЖЕСІ

«Даму» халықаралық инновациялық орталығы мен «Bilim-orkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығының ұйымдастыруымен «ЖЫЛ ҮЗДІГІ – 2026» атты республикалық патриоттық байқауы өткізіледі. Байқауға барлық сала өкілдерін қатысуға шақырамыз!

Байқаудың өзектілігі:

Еліміздің дамуы – әр саладағы білікті де адал мамандардың еңбегімен тікелей байланысты. Бәсекеге қабілетті экономикасы бар озық ел болуға ұмтылған Қазақстан үшін еңбек адамының мәртебесін көтеру, кәсіби шеберлікті бағалау және оны қоғамда кеңінен насихаттау – маңызды міндеттердің бірі.

Өз ісінің нағыз шебері саналатын азаматтардың еңбегін дәріптеу – адалдық, еңбекқорлық, кәсібилік және жауапкершілік құндылықтарын нығайтып, жас ұрпаққа тағылымды үлгі қалыптастырудың маңызды тетігі.

Байқаудың мақсаты:

Еліміздің әр саласында абыроймен еңбек етіп, кәсібіне деген адалдығы мен жауапкершілігі арқылы зор беделге ие болған мамандарды қоғамда кеңінен насихаттау. Жеке үлгісімен өзгеге жол көрсетіп жүрген, өз ісінің нағыз шебері саналатын азаматтардың еңбегін бағалау және жас буынды еңбекке, кәсібилікке, адалдық пен әділетке баулуға ықпал ету.

«Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» қағидаттары негізінде қоғамда еңбек адамының беделін арттыру, адалдық, еңбекқорлық, кәсібилік, отансүйгіштік және елге қызмет ету құндылықтарын насихаттау.

Қатысушылар: республикалық байқауға еліміздің әр саласында еңбек етіп жүрген мамандар қатыса алады: – Білім және ғылым саласының мамандары;
– ҚР Мәслихат депутаттары;
– Медицина саласының мамандары;
– Спорт, мәдениет және өнер саласының мамандары;
– Әдебиет және көркем өнер саласының мамандары;
– Кәсіпкерлер;
– Есепшілер;
– Қоғам қайраткерлері;
– Ауыл шаруашылығы мамандары;
– Энергетика саласының мамандары;
– Ақпарат саласының мамандары;
– Заң саласының қызметкерлері;
– Әскери қызметкерлер;
– Экономистер;
– Мұнай және газ кен орындарын игеру саласының мамандары;
– Әлеуметтік қызметкерлер;
– Дарынды жастар;
– Эколог, геолог, табиғи ресурстар саласының мамандары;
– Мемлекеттік қызметкерлер;
– Құрылыс саласының мамандары.

Байқаудың шарттары: қатысушы өзі жайлы жазылған 2 беттен артық емес өмірбаянын (Word форматында, 14 кегль, Times New Roman, 3-ші жақта жазылған), сапалы 3х4 суретін және өтініш кестесін толтырып бірге жіберуі қажет.

Сондай-ақ өмірбаяндағы жеткен жетістіктерін растайтын құжат көшірмелері (мыс.: алынған алғыс хат, диплом, сертификат, куәлік және т.б.) қоса тіркелуі тиіс. Құжаттар 2026 жылдың қараша айының 25-не дейін astana-20n@mail.ru электронды почтасына немесе WhatsApp: +7 747 109 79 51 нөміріне қабылданады.

Байқау жеңімпаздарына:
– Құрмет грамотасы табысталады;
– Сонымен қатар, Астана қаласында өтетін салтанатты марапаттау рәсіміне қатысып, елімізге танымал тұлғалардың қолынан арнайы марапаттар алу мүмкіндігіне ие болады; Байқаудың марапаттау рəсімі Астана қаласында конференция түрінде өтеді. Қорытынды конференция бағдарламасы іріктеліп алынған қатысушыларға жіберіледі. Конференция барысында елімізге белгілі тұлғалардың қолынан арнайы марапаттар табыс етіледі.

Ұйымдастыру алқасының инстаграм парақшасы: @bilim_orkeniety Құжат қабылдау WhatsApp номері: +7 747 109 79 51 Ұйымдастыру алқасы: +7 747 109 79 51, +7 747 702 52 62, +7 707 142 74 40.
Өтініш кестесі WORD форматында жіберілуі тиіс!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


Поделитесь этой новостью!