Шығармашылық пен өнерді жанына серік еткен жас ұстаз
Мектеп оқушыларын бір идеяның төңірегінде біріктіріп, мақсатқа жету жолында аянбай еңбек етуге тәрбиелеп жүрген жас ұстаз Арысбек Бағдәулетұлы жас ұрпақтың жан-жақты дамуына үлкен мән береді, оларға сенім артады. Нағыз ұстаз болу - бақыт әрі абырой. Шындығында, мұғалім болу оңай болып көрінгенімен, ал нағыз ұстаз болу екінің бірінің қолынан келе бермесі анық. «Ұстазды алтын діңгекке теңер едім» - деп ұлы педагог Ы. Алтынсарин айтқандай, ұстаз жолы - қиыншылығы мен рахаты бір басқа жетерлік мамандық атаулының ұлысы. Білім беру жүйесінде тәжірибелі де [...]