Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте!

Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте!

Қостанай ауданында «Тіл тамыры – отбасы» атты отбасылық сайыс өтті.

Отбасы – шағын мемлекет деген қағида текке айтылмаған. Шын мәнінде де болашақ ел азаматы – сәбидің, баланың барлық болмысы, ұстанымы мен арман-мақсаты ең алдымен отбасында қалыптасатыны анық. Бұл дәлелдеуді қажет етпейтін ақиқат. «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» дейді халық даналығы. Шағын мемлекеттегі «мемлекеттік тіл» қандай болса, ертеңгі өмірі мен ұстанымы да соның айналасында болады. Егер терең мән беріп көрсек «Қазақ қазақпен қазақша сөйлессін!» деген сөздің терең астары бар. Сондықтан байқауға келген отбасылардың да мақсат-міндеттері айқын болды.

Байқауға Рыспай негізгі орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Хасенова Жанар отбасымен қатысты. Жалпы Қостанай ауданынан Сейлхановтар отбасы, Федоров ауданынан Ховлановтар отбасы бақтарын сынады. Барлық отбасылар өнерлерін көрсетіп, ана тіліміздің дамуына үлестерін қосып келеді. Байқаудың қортындысы бойынша жүлделі орынды Рыспай ауылынан Сейлхановтар отбасы иеленді. Жеңісімен құттықтаймыз! Сайысқа қатысушыларды «Аманат» партиясы Қостанай облыстық филиалының грамоталарымен және ақшалаай сыйлықтармен марапаттады.

Меруерт САДВАКАСОВА,
Рыспай мектебі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


Поделитесь этой новостью!