Споршыларымыздың жетістігі
3–7 мамыр аралығында Бішкек қаласында (Қырғызстан) гір спорты бойынша Азия чемпионаты мен біріншілігі өтті. Азия чемпионаты мен біріншілігінің тұғырында ең үздік деген гір көтеруші спортшылар өнер көрсетті.
Чемпионатқа Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Моңғолия, Пәкістан, Оңтүстік Корея, Үндістан, Ресей және басқа елдердің спортшылары қатысты.
Жарыс қорытындысы бойынша Қостанай облысының спортшылары Қазақстан құрамасының құрамында үздік нәтижеге қол жеткізді.
Ерлер арасында Савельев Иван (23 жасқа дейінгі жас аралығы), жасөспірімдер (18 жасқа дейінгі) арасында күміс жүлдені Ткачев Владимир қанжығасына байлады.
Спортшыларды жеңіс тұғырымен құттықтай отырып, жаттықтырушылары Р.К.Батырбаевқа және К.У. Батырбаевқа жеңіс рухы үшін шексіз алғысымызды білдіреміз.
Добавить комментарий