Әкім бол, халқыңа жақын бол!

Әкім бол, халқыңа жақын бол!

«Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» деп сөздерін бастаған Абай ауылының тұрғындары Заречный ауылдық округі әкімінің жасап жатқан қызметіне ризашылықтарын білдіріп редакцияға жазған хат жолдарын ұсынып отырмыз.

Жүгі нарда, қазаны теңде болып, көшпелі ғұмыр кешкен қазақ халқының ертеден-ақ ежелгі мекені ауыл болғаны анық. Яғни, ауыл – ұлтымыздың ұйытқысы. Ауыл – адамзаттың кең дүниенің есігін ашып, өмірге келген жері. Шыны керек, игі жақсының барлығы дерлік осы ауыл дейтін ұлы даладан шығады емес пе?! Сөз өрнегін оймақтап, жырдан кесте тіккен ақын-жазушыларымыз да, ән өрнегін айшықтаған сазгер, күйшілеріміз де, аты аңызға айналған даналарымыз да сол қарапайым ауылдың қара шаңырағынан шыққан.
Таңы арайлы, кеші жайлы, халқы ашық жарқын шырайлы Абай ауылының да берекесі жарасып, арайы асқақтап тұр.

Өркениетке көш түзеген Абай ауылының ажары бүгінде алға артып келеді. Бастаманың басында әрдайым білгер басшы тұратыны анық. «Ауылына қарап, азаматын таны» демекші ауыл әкімі Умирзаков Олжас Саматович өз ауылын көркейтіп қана қоймай, дамытуға сүбелі үлесін қосып келеді.Осы ауылдың әкімі болып тағайындалғанына көп уақыт болмаса да, жасап жатқан жүйелі жұмысымен ауыл тұрғындарының көңілінен шығып, сеніме кірді.

Артта қалған қаһарлы қыстың ысқырық аязын, көз қаратпас боранын алсақ та, әкім бір жанды далада қалдыруға жол бермей, өзі бастап жолды қардан тазарту,ауыл адамдарының ойымен санасуды еш ұмытқан емес.

Осы тұста ауылымыздағы білім ордасы- мектебімізге жасаған игі істеріне тоқтағымыз келеді.Әкім мектебімізде өткізілетін іс-шараларға да үлкен жауапкершілікпен қарайды, шетте қалмай, әрдайым ат салысады.Мектебіміздің көшбасшысы Нугыманов Канат Умирзаковичпен тығыз байланыста болып, барлық шараларда бас көрсетіп келеді.

Атап айтар болсақ, мектептегі Жаңа жыл, 8-наурыз мейрамы, жақында ғана өткізілген «Әз-Наурыз мейрамында» ауыл әкімі үлкен қолдау жасады. Осы тұста әкімімізге алғыс айтып, мақтауын асырсақ артық етпейді. Ол кісінің қолдауымен көптеген ойындар жүргізіліп, жүлделі орындар мен сыйлықтар табысталды. Ауылдың әлаухатын жақсартып жүрген әкіміміз мектепішілік шараларда да шетте қалмай, мектепке де қолдау танытып, көрегендік көрсеткеніне мектеп әкімшілігі, ұстаздарымыз дән риза.

Атам қазақ «Тұлпарда да тұлпар бар, қазанаты бір бөлек, жігітте де жігіт бар, азаматы бір бөлек»-деп айтқандай, әкіміміз Умирзаков Олжас Саматович уәдеге берік, еңбекқор азамат екенін іспен дәлелдеп, барлығының құрметіне бөленіп жүр. Әр бастаманың бәрінде мұрындық болған ауыл әкімінің жұмысына баршамыздың айтарымыз тек – алғыс.

Абай негізгі мектебінің
ұстаздар ұжымы мен ата-аналар комитеті

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


Поделитесь этой новостью!