Күш білімде…

Күш білімде…

Қаңтар айының 23-нен 3 ақпан аралығында бастауыш сынып бірлестігінің «Денсаулық зор байлық» атты апталығы өтті.

Тәжірибелі бастауыш сынып мұғалімдері дайындыққа балалардың өздерін тарта отырып, түрлі қызықты іс-шаралар дайындады. Онкүндік барысында балалардың білімнің, еңбектің және шығармашылықтың адам өміріндегі, қоғамдағы маңызы туралы түсініктері қалыптасты, ынтымақтастық, рөлдік қарым-қатынас жасаудың бастапқы дағдыларын алды.

Абай негізгі орта мектебінде бастауыш сынып бірлестігінің онкүндігіне орай 4 «А» сыныпта «Үндестік жобасы» бойынша «Жұлдызды сәт» атты ата-аналар мен балалар арасында сайыс өтті. Мақсатымыз: отбасы

– Отанның бір бөлшегі екендігін ұғындырып, балаларды ынтымақ пен бірлікке, татулық пен ұйымшылдыққа, мейірімділікке, ата-аналарының шексіз еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу. Сайыс төрт кезеңнен тұрып, жеңімпаздарын мектебіміздің басшысы марапаттады.

 

Қош бол, Әліппе!

Абай негізгі орта мектебінің 1 «А» сынып оқушылары Әліппемен қоштасты.

Биыл оқу жылында мектеп табылдырығын аттаған 1-сынып оқушылыры алғашқы оқулығы Әліппені оқып, әріптерді танып білімнің алғашқы белесінен өтті, бұл біз үшін үлкен жетістік. Білім негізі мектепте қаланады, ал мектеп табылдырғын аттаған жас шәкірттің қолға ұстайтын алғашқы кітабы – «Әліппе»
«Қош бол, Әліппе!» атты ертеңгіліктің мақсаты оқушылардың оқу тілін, сөздік қорын дамыту, әліппеден алған білімдерін арттыру, оларды достыққа, көпшілік алдында өз ойын жеткізе білуге тәрбиелеу.
Мерекелік қонақтар – ұстаздар мен ата-аналар оқушылардың білімдері мен өнеріне тәнті болды. Оқушылар өз білімдерін ортаға салып, түрлі ойындар мен әндер айтып, көрермендердің қошеметіне бөленді. Ертеңгілік соңында мектебіміздің басшысы Қанат Өмірзақұлы оқушыларды дипломдармен марапаттады. Оқу барысына оқушыларға сәттілік тіледі.

Айдана УРАЗАКОВА,
«Абай негізгі орта мектебі» КММ
бастауыш сынып мұғалімі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


Поделитесь этой новостью!