Қашықтан оқытудың маңызды рөлі

Қашықтан оқытудың маңызды рөлі

Әлемдегі күрделі жағдайға байланысты Қазақстандағы білім саласы да қашықтан оқытуға көшкені белгілі. Қашықтан оқытудың мақсаты – білім берудің біртұтас ақпараттық жүйесін құрып, оқушылардың білімін көтеру. Сол арқылы ақпараттық технологиялар ауқымды түрде білім саласында қолданып жатыр. Оның негізгі күші – ұстаз және оқушы.

Ақпараттық технологиялар арқылы білімнің негізгі принциптері іске асып келеді. Қазіргі таңда оқу әдіс-тәсілдері заман ағымына сай дамып жатыр. Қашықтан оқытудың тағы бір маңызды рөлдерінің бірі – әлемдегі жағдайға қарамастан білімге ұмтылу, бәсекеге дайын болу, мектептегі бағдарлмалардан қол үзбей, кез келген жерде ақпараттық-коммуникациялық технологиялар көмегімен саналы түрде толық білім алу.
Осы үдеріске көшкелі барлық сыныптар мессенджерлер арқылы байланысып, әр пәннен жеке топтар ашты. Сонда оқушылар тіркеліп, оқу бағдарламасына сай білім алып, мұғаліммен жүйелі түрде жұмыс істеп отыр. Нақты айтып өтсек, жаңа тақырыптармен, материалдармен танысып, әр түрлі тапсырмалар орындайды. Мұғалім тапсырманы тексеріп, пікір жазады. Қашықтан оқытуға мұғалімдер де, оқушылар толыққанды үйренбесе де, артық жақтарын байқауға болады. Біріншісі – уақыт үнемдеу, екіншісі – заман талабына сай жаңа технологияларды қолданып үйрену және соны әрі қарай дамыту, үшінші – сапалы білім алып, ыңғайлы уақытта оқу. Оқушылар қашықтан оқу арқылы білімдерін жетілдіріп, дамыта алады және ақпарат технологиялар жүйлерін пайдалану мүмкіндігі артады. Мысалы, керекті әдебиеттер мен оқу кітаптарын іздеу, бақылау және сынақ тапсырмаларды орындау, лабороториялық жұмыстар, баяндамалар, ғылыми жұмыстар, қашықтан олимпиядаға қатысу оқушының шығармашылығының дамуына үлкен әсер етеді.
Кейбір сәттерде қашықтан оқыту бала түгілі, үлкендерге қиын әрі күрделі соғып жатқанын көріп-біліп жатырмыз. Бұл оларды жалықтырып жіберуі мүмкін. Сондықтан, бастауыш сыныптың мұғалімдері жұмысты әуелі өз серіктестерімен, яғни, ата-аналармен жасауы керек. Ал орта және жоғары сыныптар үшін алдымен оқушының өзіне сенім білдіру және оны ынталандыру маңызды: өзін-өзі тиімді оқыту бойынша кеңестер беру, ойынға айналдыру, шабыттандыру, табыстары үшін көтермелеу, топтық оқытуды ынталандыру, дайын сандық ресурстарды ұсыну және өзінің барлық педагогикалық шығармашылығын көрсету. Бұл жерде балалардың әлеуметтік желілердегі мінез-құлқының психологиясын түсіну және осы құралдарды пайдалану өте маңызды. Сонда ғана жоғары нәтижеге қол жеткізуімізге болады.
Білім беру – бұл ел болашағы үшін аса жауапты үрдіс. Сондықтан, қай мемлекетте болмасын, білім беру саласына үлкен міндет жүктеледі. Ал, қазіргі жағдайда сапалы, ең бастысы нәтижелі білім беру үрдісін ұйымдастыру екі есе қиын. Дегенмен, барша әріптестерім бұл қиындықты еңсереді деп сенемін.
Жалпылай алғанда, қашықтан оқытудың білімге деген үлесі зор. Сондықтан, бар күшімізді жас ұрпаққа, олардың толыққанды дамуына, білім алуына, дұрыс ортада тәрбиеленуіне, өмірлерінің мәнді өтуіне атсалысуымыз қажет.
Зибагүл СҮЙІМБЕКОВА, Алтын ТАСҚОЖИНА, Мемлекеттік тілде оқытатын Заречный ОМ

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


Поделитесь этой новостью!