Қостанай ауданында кітапхана жылы қорытындыланды
Қостанай аудандық орталық кітапханасының оқу залында «2025 жылғы кітапхана жылының қорытындылары. Болашаққа жоспарлар мен перспективалар» атты мазмұнды семинар өтті. Кітапханашылар бас қосқан бұл жиын кәсіби есеп беру ғана емес, шығармашылық шабыт пен жаңа бастамалардың алаңына айналды. Семинарды «Қостанай аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» ММ директоры Татьяна Ликаева ашып, өткен жылдың негізгі жетістіктеріне тоқталды. 2025 жылы аудан кітапханалары жаңа жұмыс форматтарын енгізіп, оқырмандармен байланысты күшейтіп, бірқатар мәдени-ағартушылық жобаларды жүзеге асырды. Директор кітапхана ұжымының ізденісі мен жауапкершілігін ерекше атап өтіп, [...]












