Әкім бол, халқыңа жақын бол!
«Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» деп сөздерін бастаған Абай ауылының тұрғындары Заречный ауылдық округі әкімінің жасап жатқан қызметіне ризашылықтарын білдіріп редакцияға жазған хат жолдарын ұсынып отырмыз. Жүгі нарда, қазаны теңде болып, көшпелі ғұмыр кешкен қазақ халқының ертеден-ақ ежелгі мекені ауыл болғаны анық. Яғни, ауыл – ұлтымыздың ұйытқысы. Ауыл - адамзаттың кең дүниенің есігін ашып, өмірге келген жері. Шыны керек, игі жақсының барлығы дерлік осы ауыл дейтін ұлы даладан шығады емес пе?! Сөз өрнегін оймақтап, жырдан кесте тіккен ақын-жазушыларымыз да, ән [...]