Домбыра – дала үні, ел рухы
5 маусым күні Тобыл қаласындағы «Алтын дән» мәдениет үйінің алаңында Қостанай ауданында кең көлемді «Алтын домбыра» акциясы өтті. Бұл мерекелік іс-шара Ұлттық домбыра күніне арналған облыстық айлықтың ашылуына орай ұйымдастырылды. Іс-шаранының мақсаты – ұлттың ұлы мұрасы – домбыраны ұлықтап, күй мен терме өнерін насихаттау, жас ұрпаққа рухани тәрбие беру. «Алтын домбыра» акциясына қатысушыларды Қостанай ауданы әкімінің орынбасары Дияр Есмағамбетов құттықтап, өнер сүйер қауымға табыс тіледі. Мерекелік іс-шара «Қазақ» биімен басталып, «Ақ бидай» әжелер ансамблінің [...]












