Ауылдың болашағы – әрбір адамға жасалған мүмкіндіктен басталады!

Ауылдың болашағы – әрбір адамға жасалған мүмкіндіктен басталады!

№9 сайлау округі бойынша Қостанай облыстық мәслихатына депутаттыққа кандидат
Михалев Михаил Юрьевичтің
САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ

Мен, Михалев Михаил Юрьевич, 1992 жылы 15 тамызда Қостанай облысы Қостанай ауданының Борис-Романовка ауылында (қазіргі И. Ф. Павлов атындағы ауыл) дүниеге келдім. Бүгінде Қостанай ауданының Жамбыл ауылында тұрамын. 2014 жылы Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтын «Физика» мамандығы бойынша бакалавр дәрежесімен тәмамдадым. 2018 жылы академик Зұлқарнай Алдамжар атындағы Қостанай әлеуметтік-техникалық университетінде «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша білім алдым.

Менің кәсіби өмірім білім беру саласымен байланысты. 2014 -2025 жылдар арасында И. Ф. Павлов атындағы ауылдың жалпы білім беретін мектебінде физика және дене шынықтыру пәндерінің мұғалімі болып жұмыс істедім. 2023 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Жамбыл жалпы білім беретін мектебінде дене шынықтыру пәнінен сабақ беремін.

Еңбек жолымның жылдарында мектеп тек сабақ пен баға қоятын орын ғана емес екеніне көз жеткіздім. Бұл – мінез қалыптасатын, жауапкершілікке тәрбиелейтін, қабілеттер ашылатын және адамның өмірге деген көзқарасы қалыптасатын орта. Балалармен, ата-аналармен және әріптестермен қарым-қатынас жасау ауылдық жердің тыныс-тіршілігін, отбасыларды қандай мәселелер толғандыратынын және жас ұрпаққа не жетіспейтінін жақсырақ түсінуге көмектеседі.

Қостанай ауданының спорттық және қоғамдық өміріне қатысу мен үшін адамдарға пайдалы болудың тағы бір мүмкіндігіне айналды. Әрбір баланың дамуына жағдай жасалып, әрбір отбасының ертеңгі күнге деген сенімділігі артқанын қалаймын.

Депутат тек мәселелер туралы айтып қана қоймай, олардың шешілуіне жүйелі түрде қол жеткізуі тиіс деп санаймын. Сондықтан өз жұмысымда төмендегі бағыттарға ерекше көңіл бөлуді көздеймін.

1. Шектеусіз балалық шақ: даму мүмкіндіктері.
Әрбір бала қай жерде – қалада немесе шағын ауылда тұратынына қарамастан, сүйікті ісімен айналысуға, қабілетін дамытуға және өзіне ұнайтын бағытты табуға мүмкіндік алуы тиіс.
Мектеп және қоғамдық спорт алаңдарының жағдайына, спорт секциялары мен үйірмелердің қолжетімділігіне, балалар мен жасөспірімдердің пайдалы бос уақытын ұйымдастыруға қатысты мәселелерді көтеретін боламын. Жастардың бос уақыты қызықты іс-шараларға, қарым-қатынасқа және өз қабілеттерін көрсету мүмкіндіктеріне толы болуы маңызды.
Қосымша қолдауды қажет ететін балаларға, сондай-ақ мүмкіндіктері әртүрлі балалардың қоғамдық және спорттық өмірге қатысуына жағдай жасауға ерекше назар аудару қажет.

2. Денсаулық – қалыптастыруды қажет ететін әдет.
Салауатты өмір салты ұрандардан емес, қолжетімді мүмкіндіктер мен ересектердің дұрыс үлгісінен басталады. Педагог ретінде балалардың бойына ерте жастан бастап қозғалысқа, белсенді демалысқа және өз денсаулығына қамқорлық жасауға деген сүйіспеншілікті қалыптастырудың қаншалықты маңызды екенін жақсы түсінемін.
Бұқаралық спортты дамытуға, отбасылық жарыстар, аула турнирлері мен әртүрлі жастағы тұрғындарға арналған спорттық іс-шараларды өткізуге бағытталған бастамаларды қолдаймын. Дене белсенділігі тек мектеп оқушыларына ғана емес, ересектер мен аға буын өкілдеріне де қолжетімді болуы маңызды.

3. Мектеп пен отбасы – бір команда.
Өскелең ұрпақты тәрбиелеу педагогтердің, ата-аналардың және қоғамның ынтымақтастығынсыз мүмкін емес. Мектеп балалардың мәселелерімен жалғыз қалмауы тиіс. Оның айналасында қолдаушы орта қалыптасуы маңызды.

Мектеп инфрақұрылымына, балалардың оқу орындарына барар жолдағы қауіпсіздігіне, мектеп аумағына іргелес жерлердің жағдайына және сабақтан кейінгі мазмұнды бос уақытты ұйымдастыруға қатысты мәселелерге көңіл бөлетін боламын.

Мен даңғаза уәделерді жақтайтын адам емеспін. Көптеген мәселені шешу үшін уақыт, қаржыландыру және түрлі мемлекеттік органдардың қатысуы қажет екенін түсінемін. Алайда бұл шетте қалуға себеп болмауы тиіс.

Педагогикалық тәжірибем мені сабырлылыққа, жүйелілікке және жауапкершілікке үйретті. Балалармен жұмыс істегенде бірден нәтиже күтпей, күн сайын алға қадам жасау маңызды. Депутаттық қызметте де дәл осындай ұстанымды дұрыс деп санаймын.

 

Балалар өсіп-жетілгісі келетін, ал отбасылар тұрақтап қалғысы келетін ауыл үшін!

 

_______________________________________________________________________________

Будущее села начинается с возможностей для каждого!

ПРЕДВЫБОРНАЯ ПРОГРАММА
Михалева Михаила Юрьевича,
кандидата в депутаты Костанайского областного маслихата по избирательному округу № 9

Я, Михалев Михаил Юрьевич, родился 15 августа 1992 года в селе Борис-Романовка Костанайского района Костанайской области (ныне село имени И. Ф. Павлова). Сегодня проживаю в селе Жамбыл Костанайского района.
В 2014 году окончил Костанайский государственный педагогический институт по специальности «Физика», получив степень бакалавра. В 2018 году завершил обучение в Костанайском социально-техническом университете имени академика Зулкарная Алдамжара по специальности «Физическая культура и спорт».
Моя профессиональная жизнь связана с образованием. С 2014 по 2025 год работал учителем физики и физической культуры в общеобразовательной школе села имени И. Ф. Павлова. С 2023 года по настоящее время преподаю физическую культуру в Жамбылской общеобразовательной школе.
За годы работы я убедился: школа – это не только уроки и оценки. Это место, где формируется характер, воспитывается ответственность, раскрываются способности и закладывается отношение человека к жизни. Общение с детьми, родителями и коллегами помогает лучше понимать, чем живет сельская местность, какие вопросы волнуют семьи и чего не хватает молодому поколению.
Участие в спортивной и общественной жизни Костанайского района стало для меня еще одной возможностью быть полезным людям. Я хочу, чтобы у каждого ребенка были условия для развития, у каждой семьи – уверенность в завтрашнем дне.
Считаю, что депутат должен не только говорить о проблемах, но и последовательно добиваться их решения. Поэтому в своей работе намерен уделять внимание следующим направлениям.
1. Детство без ограничений: возможности для развития.
Каждый ребенок должен иметь возможность заниматься любимым делом, развивать способности и находить занятие по душе независимо от того, живет он в городе или небольшом селе.
Буду поднимать вопросы состояния школьных и общественных спортивных площадок, доступности секций и кружков, организации полезного досуга для детей и подростков. Важно, чтобы свободное время молодежи было наполнено интересными занятиями, общением и возможностью проявить себя.
Особое внимание необходимо уделять детям, которые нуждаются в дополнительной поддержке, а также созданию условий для участия ребят с разными возможностями в общественной и спортивной жизни.
2. Здоровье – привычка, которую нужно воспитывать.
Здоровый образ жизни начинается не с лозунгов, а с доступных возможностей и правильного примера взрослых. Как педагог, я хорошо понимаю, насколько важно с раннего возраста прививать детям любовь к движению, активному отдыху и заботе о собственном здоровье.
Буду поддерживать инициативы по развитию массового спорта, проведению семейных соревнований, дворовых турниров и спортивных мероприятий для жителей разных возрастов. Важно, чтобы физическая активность была доступна не только школьникам, но и взрослым, и людям старшего поколения.
3. Школа и семья – одна команда.
Воспитание подрастающего поколения невозможно без сотрудничества педагогов, родителей и общества. Школа не должна оставаться один на один с проблемами детей: важно, чтобы вокруг нее формировалась поддерживающая среда.
Буду уделять внимание вопросам школьной инфраструктуры, безопасности детей по пути в учебные заведения, состоянию прилегающих территорий и организации содержательного досуга после уроков.
Я – не сторонник громких обещаний. Понимаю, что многие вопросы требуют времени, финансирования и участия разных государственных органов. Но это не повод оставаться в стороне.
Мой педагогический опыт научил меня терпению, последовательности и ответственности. В работе с детьми нельзя ждать мгновенного результата – важно каждый день делать шаг вперед. Такой же подход считаю правильным и в депутатской деятельности.

За село, в котором дети хотят расти и развиваться, а семьи – жить и оставаться!

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


Поделитесь этой новостью!