«Ақ арман желкені»

«Ақ арман желкені»

Дарынды ақын, аудармашы, журналист, Қазақстанның мәдениет қайраткері Марфуға Бектемірованың 65 жылдық мерейтойына орай аудандық балалар кітапханасы Н.Наушабаев мектеп-гимназиясының 8 сынып оқушылары арасында «Ақ арман желкені» атты ісшара өткізді.

Іс-шара барысында оқушылар Марфуға Бектемірованың өлеңін мәнерлеп оқып, ақынның кітаптары қойылған көрмемен танысты. Оқушыларға ақын жайлы бейнебаян көрсетіп, ақынның шығармашылығы мен өмірі жайында сыр шертілді. Шараға қатысушылар поэзиямен сусындап, мол рухани азық алды.

Марфуға Бектемірова еңбек жолының біраз бөлігін Қостанай өңіріне арнаған жан. Қостанай телерадио комитетінде, кейін Қостанай облыстық әкімдігінің ішкі саясат бөлімінде қазақ тілі, ономастика, ұлт саясаты және көші-қон жөніндегі жауапты маман болып қызмет атқарған. Жергілікті ақын жазушылардың шығармашылығымен таныстыру арқылы, кіші буын жастарға патриоттық рух беріп, адамгершілік қасиеттерге баулу заңды құбылыс.

Марфуға Бектемирова қазақ әдебиетінің тарихында ақын және журналист ретінде келіп, өзіндік деңгейі бар нағыз шығармашылықтың иесі ретінде қалыптасты. Өкінішке орай, ақын 54 жасында өмірден озды, соған қарамастан 10-нан астам өлеңдер мен жыр жинақтарын шығарған. Адамзат баласының ғұмыры қысқа болғанымен, артында үлкен мұра,
өшпес із қалдырған адамдар бар.

«Ақынның сөзі өлмесе, өзі де өлмегені» деген қанатты сөз бар. Ақын Марфуға Бектемірованың артына қал­дырған мол мұралары – осының айқын дәлелі. Оның ақындық жолындағы төккен тері мен атқар­ған ерен еңбегі, келешек ұрпаққа шашқан шуағы ешқашан ұмытылмайды.

Әсемгүл ФАЙЗОЛЛА,
аудандық орталық балалар
кітапханасының кітапханашысы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


Поделитесь этой новостью!