Қазақстан халқының бірлігі күні: татулық пен тұрақтылықтың стратегиялық негізі
Қазақстанда 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні ретінде аталып өтеді. Бұл мереке – тек күнтізбедегі атаулы дата ғана емес, елдің қоғамдық-саяси тұрақтылығы мен ұлттық бірегейлігінің маңызды символы. Оның мазмұны мен мәні Қазақстанның көп этносты қоғам ретінде қалыптасу ерекшеліктерімен тығыз байланысты. Тарихи негіз және мерекенің қалыптасуы Аталған мереке 1995 жылғы 18 қазандағы Президент жарлығына сәйкес бекітіліп, 1996 жылдан бастап ресми түрде тойлана бастады. Бұған дейін 1 мамыр кеңестік кезеңде Еңбек күні ретінде атап өтілсе, тәуелсіз Қазақстан бұл күнге жаңа мазмұн беріп, [...]












