Тіл дамытудағы маңызды қадам

Тіл дамытудағы маңызды қадам

Бүгінгі қоғамда балалар арасында сөйлеу тілі бұзылыстарының бірнеше түрлері кездесіп жүр. Тіл кемістігі – қазіргі қоғамда балалар арасындағы кең таралып кеткені белгілі. Сөйлем тілі бұзылыстарының ішіндегі ең көп тарағаны – сөйлеу тілінің жалпы дамымауы болып есептеледі. Ондай балалар психологиялық-педагогикалық қолдауға мұқтаж болғандықтан, арнайы түзету мекмелері мен логопункттерде көмек алуға құқылы.

Бүгінде дамуында бұзылыстары бар балалар мен олардың ата-аналарына деген қоғамның көзқарасы түбегейлі өзгеріп келеді. Сонымен қатар, мүмкіндігі шектеулі балаларға қатысты Қазақстан бірнеше халықаралық құжаттарға қол қойды. Қазіргі таңда білім беру мекемелерінде маңызды өзгерістердің бірі ретінде инклюзивті білім беру заңы енгізіліп жатыр. Инклюзивті білім беру – бұл мүмкіндігі шектеулі балалардың дамуын қамтамасыз етіп, олардың білімге қол жеткізуіне бағытталған кіріктірілген білім беру процесі.

Біздің елде арнай оқыту саласыында бірталай жағымды өзгерістердің байқалуымен қатар, осы уақытқа дейін шешімін таба алмай келе жатқан мәселердің бірі мүмкіндігі шектеулі балалардың өз ана тілінде білім алуы. Сөйлеу тілі дамымаған қазақ тілді балалардың сөйлеу тілін дамыту, қазіргі кезде логопедияның өзекті, күрделі мәселелерінің бірі.

Сонының ішінде балалардың көпшілігінде «Р» дыбысын айту қиынға соғады. Баласының болашағына алаңдайтын кез келген ата-ана баласының «Р» дыбысын дұрыс айтпайтынын уайымдайды. Егер сәби үш жасқа дейін «Р»-ға тілі келмесе, ол әрине қалыпты жағдайға саналады. Бұл әлі баланың көмейі толық дамымауына байланысты болуы мүмкін. Ал егер 4 жастан асқан бала «Р» дыбысын дұрыс айта алмаса, онда логопед маманның көмегіне жүгіну керек. Қазіргі таңда, педагогикалық-психологиялық түзету кабинетінде 5-6 жастағы балаларды арасында сөйлеу тілі бұзылыстарының бірнеше түрлерін кездесетіріп жүрмін, әсіресе «Р» дыбысы бұзылған балалардың саны көп. Осы балаларға көмектесу жолын іздестіре отрып, «Р дыбысын Ырылдауықпен бірге машықтандыру» атты оқу әдістемелік кешенің жазуға шешім қабылдадым. Аталмыш кешен логопедияда әлі де толық зерттелмеген маңызды мәселе – 5-6 жастағы сөйлеу тілі жалпы дамымаған III деңгейдегі балалардың тіл жүйесінің барлық компоненттерінің бұзылысы бар балалардың сөйлеу тілін тексеру мен лексикалық-грамматикалық жағын, дыбысыты айтуын, байланыстырып сөйлеуін қалыптастыруға арналған. Осы көмекші құралдың жұмыс дәптеріне еңген ойындардан оқырманға ұсынамын.

Мысалы, тыныс алу жаттығулары.
«Ұшты көбелеклектер!»
Таяққа жіптерге ілінген көбелектерді байлап. Оларды ұшыру.

Ескерту: Бала көбелектерді үрлейді. Бала үрлеп, дем шығарғанда иықтарын көтермей тік тұруын, қосымша ауаны тынысқа алмауын, ұртын бұртитпауын, еріндерін алдыға қарай сәл шығаруын қадағалау керек. Үрлеген уақыт 10 секундтан аспауы тиіс.
«Жел соқты»

Сипаттамасы: ерінге күлкі үйірілген, ауыз ашық, тілдің ұшын тістермен тістеп, үрлеу. Ауа ағынның бар-жоғын және бағытын мақтаның көмегі арқылы қадағалауға болады.
Ескерту: ауа ағыны тілдің ортасымен емес, ауыздың екі шетінен шыққанын қадағалау қажет.

А.Н Стрельникованың тыныс алу жаттығуы

Бұл жаттығуды орындау үшін өкшемен бірге аяқты, кеудені тік ұстап тұру, қол жанымызда дене бойымен ұстап барлық бұлшықеттерді бос ұстау керек. Бұдан соң қысқа, шулы және жылдам ішке дем алу, мұрын арқылы ішке тартылады, осы мезетте саусақтарын бүгіп, жұдырықты түйеміз және демді баяу шығарып, саусақтарды бос жібереміз. Жаттығу 4 реттен кем болмауы керек. Кейін 3-4 сек. демаламыз, қайтадан жаттығуды 4 реттен жасап, арасында демала отырып, 24 рет жасауымыз қажет.
Сонымен қатар «Р» дыбысына арналған артикуляциялық жаттығуларды ұсынамын.

«Тіс тазалаймыз»
Тұра ерте таңертең
Тазалаймын тісті мен,
Тісім менің аппақ,
Айтамын мен тақпақ

Алдымен жабық, содан кейін жымиып ауызды ашып жаса. Тілдің ұшымен тістің ішкі жағын (оңнан – солға, жоғары-төмен) тазала. Иекті қозғалтпа

«Сылақшы»
Сылақшыға қарашы.
Қабырғаны сылайды,
Әдемі бояп кең үйді,
Қуанышты сыйлайды!

Жымиып, аузын ашып, тілді алға – артқа жылжыта отырып, тілдің ұшымен қатты таңдайды «сылау» керек.

«Тәтті тосап»
Қайнатты апам тосап,
Қант пен алманы қосып,
Қарындасым кішкентай
Қайнағанын отыр тосып.

Сипаттама: жалпақ тілмен жоғарғы ерін мен төменгі еріндегі «тосапты» жалап ауыз қуысына тереңірек кіргізіп ұстау.
Жалпақ тілмен жоғарғы ерінді жалап, ауыз қуысына кіргізу.

«Тоқылдақ»
Ағаш ауырса егер,
Көмекке келеді
Тоқылдақ-дәрігер,
Дәрігер емін тауып, емдер.

Сипаттама: күлімсіреу, ауыз ашық, тілді жоғары көтеру. Тілдің ұшымен таңдайға соғып, «д-д-д» деп жаймен айту.
Жымиып, аузын ашып, тіл ұшымен «д» дыбысын анық және бірнеше рет қайталап «тоқылдату» керек: «д -д -д».

Өзім құрастырған ертегі-массажды ұсынып отырмын. Тіл далада ойнап жүріп төбешікке мініп сырғанағысы келеді. («Горка» зондымен массаж) зондты тідің бойымен жоғары, төмен сырғанатамыз. Сырғанап келе жатса өзендегі балықтар жүзіп жүр екен. «Рыбка» зондымен тілдің қырларына массаж жасаймыз. Балықтардың қасында мейрірімді қолтырауын суда шомылып жатыр. «Крокодил» зонтымен тілдің төменгі бөлігі мен қырларына массаж жасаймыз. Имекпен төменге қарай ұстаймыз. Тіл жолға қараса ит сыйлықтармен келе жатыр екен. («Собачка » зондымен тілдің жоғарғы бұлшық еттеріне массаж жасаймыз).

Сыйлықтар аюдың туған күніне арналған. Аю қайда екен? Аю досын телефон соғып тауып алады. (Тілдің төменгі бұлшықетттеріне массаж жасап, тілдің жүгіншігін созамыз). Тіл, ит жолда қоянды кездестіріп, аюдың туған күніне барады. «Зайчик» зондымен тіл жүгіншігін созып, Р дыбысын қоюға қылыпты дайындаймыз. Осылайша Тілдің күні мерекемен аяқталады.

Тақырыбымызды қорытындылай келе, «Р» дыбысын машықтандыру үшін кешенді жоспар бойынша жұмыс істеу қажет. Ата-аналарға айтарым, егер балаларыңыз 5-6 жасқа келіп «Р» дыбысын айта алмаса, онда логопед маманына көрініп, уақытында қажетті көмек алу керек.

Іңкәр СҮЛЕЙМЕНОВА,
Қостанай ауданының
педагогикалық-психологиялық
түзету кабинетінің мұғалім-логопеді

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


Поделитесь этой новостью!