Құрметті Тобыл қаласының тұрғындары мен қонақтары!

Құрметті Тобыл қаласының тұрғындары мен қонақтары!

Биыл 27-29 мамырда құрбан айту рәсімін өткізуге байланысты Механизаторлар көшесі, 5 («Союз ТС» компаниясының отын цехы) мекен-жайы бойынша арнайы алаң белгіленді. Бағдар – қарама-қарсы «Ақ жол» қонақ үйі орналасқан.

Мерекелік «Айт намазы» 27 мамырда таңғы сағат 06:00 «Мандай батыр» мешітінде өтеді.

Құрбандық шалу рәсімі күн сайын сағат 07: 00-ден 18: 00-ге дейін ресми бекітілген орындарда өткізіледі. Әдет-ғұрыпты арнайы белгіленген алаңдардан тыс өткізуге жол берілмейді.

Мереке қарсаңында тұрғындардан санитарлық-эпидемиологиялық және ветеринарлық талаптарды сақтауды сұраймыз: етті тек тексерілген орындардан сатып алу, өнімді сақтау жағдайларына назар аудару, жеке гигиена мен санитарлық қауіпсіздік ережелерін сақтау.

Сондай-ақ, мал сою қалдықтарын белгіленген тәртіппен кәдеге жарату қажеттігін еске саламыз. Оларды қатты тұрмыстық қалдықтарға арналған контейнерлерге тастауға тыйым салынады.

Тобыл қаласының әкімдігі

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


Поделитесь этой новостью!