Мемлекеттік тілге жеті қадам

Мемлекеттік тілге жеті қадам

«Қоғамдық келісім» КММ ағымдағы жылдың наурыз-қыркүйек айлары аралығында «Мемлекеттік тіл – этносаралық қарым-қатынас тілі» жобасын іске асыру аясында «Мемлекеттік тілге жеті қадам» облыстық байқауын 7 кезең бойынша өткізді. 150-ден астам оқушылардың арасынан іріктелген жеңімпаз он оқушы 7 қазанда жетекшілерімен Астана қаласына экскурсияға атттанбақ.

Жобаны іске асыру барысында байқауға облыстың барлық қалалары мен аудандарынан 13 пен 18 жас аралығындағы 150-ден аса оқушылар қатысты.

Жеті ай көлеміне созылған жобаға Қостанай ауданынан сегіз оқушы қатысқан болатын.
Ұйымдастырушылардан келген тапсырмаларды оқушылар әр ай сайын орындап отырды. Кезеңдер оқушының сынып жетекшімен ұйымдастырған және өткізген іс-шарасы немесе сынып сағаты, эссе жазу, «Ауылым-алтын бесігім» тақырыбына екі минуттық видеоролик түсіру сияқты тапсырмалардан тұрды. Аталған жобаның жеңімпаздарын марапаттау форумы 2023 жылдың 28 қыркүйегінде Қостанай қаласы, Жастар сарайында өтті. Қостанай облысы әкімдігінің «Қоғамдық келісім» қоғамдық даму басқармасының басшысы

Рамазанова Наталья Сергеевна бұл жобаның облыс көлемінде бірінші рет өткізілгендігін және жобаның тақырыбының өзі жеті киелі сан, киелі ұғыммен берілгендігін тілге тиек етті.Мемлекеттік тілде еркін сөйлейтін жобаның қонақтары Қазақстан РТРК АҚ Бас редакторы, «Қазақстан» телеарнасы «Aqparat» бағдарламасының жүргізушісі Гаврина Алла Николаевна, «Жастар Ассамблеясы» РҚБ өкілдігінің төрағасы Лагуткина Юлия Николаевна, шоумен, жүргізуші, блогер Крис Блэк болды. Крис Блэк Құрманғазының «Балбырауын» күйін орындап берді.

Әр аудан, қалалардан қатысқан оқушылардың жұмыстарын «Қоғамдық келісім» КММ жанынан құрылған арнайы комиссия қарастырып, үздік ондықты анықтады. Жобада үздік деп танылған он оқушы Астана қаласына екі күндік экскурсияға барады. Осы үздіктердің қатарында Қостанай ауданы «Александров жалпы білім беретін мектебі» КММ 9-сынып оқушысы Альменова Элина, жетекшісі Ж.Тулегенова, «Совхозный» жалпы білім беретін мектебінің оқушысы Аллахвердиев Мурад, жетекшісі А.Нурпеисова бар.

«Еңбек ауылының орта мектебі» КММ 9-сынып оқушысы Золотарева Полинаға «Ауылым – алтын бесігім» тақырыбына жасалған ең үздік видеоролигі үшін алғыс хат табысталды. Аталған жобаға ат салысқан оқушылар мен жетекшілерге олардың кураторы ретінде алғыс айтамын. Мемлекеттік тілді тануда жасалған әр қадам тілге,елге құрмет екені сөзсіз.

Дина Сергазина, Қостанай ауданы
әкімдігінің аудандық тілдерді
оқыту орталығының оқытушысы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


Поделитесь этой новостью!