Балалар күткен мереке

Балалар күткен мереке

Халықтың салт-сана, әдет-ғұрпы қай заманда болмасын ерекше тәрбие құралы болып келді.

Бүгінгі күні қазақ халқының ұлттық мәдениетін қайта өркендету жағдайында жас ұрпақты ұлттық дәстүрмен тәрбиелеудің қажеттілігі артып келеді. Өйткені ұлттық салт-дәстүрдің ішінде халықтың мінез-құлқы, болмысы, дүниетанымы, мәдениеті, тілі мен діні,өмір сүру жолы, психологиясы топтасып жатыр. Бұл құндылықтар қазіргі қоғамның күрделі өзгерісі кезеңінде жас ұрпақты әлемдік деңгейде оқытып, біліммен қамтамасыз ете отырып, ұлттық тәрбие беруде ерекше мәні зор.

Бүгінгі күні балабақшалардың тәрбие процесінде салт – дәстүр кеңінен пайдаланылып келеді. «Sweet baby» балабақшасының бүлдіршіндері Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесін тойлап,қазақ халқының ұлттық тағамдарынан дәм татты.Ұлттық киімдер киген балалар дастарханға ақ бата беріп, ән шырқап,мың бұрала би биледі.Балалардың бойына рухани азық болып, жанына нұр құятын мереке өте көңілді өтті. Ұлттық ойындар ойнатылып,балдәурен балалар мәз-майрам болды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


Поделитесь этой новостью!