Қасиетті Рамазан айы 11 наурызда басталады

Қасиетті Рамазан айы 11 наурызда басталады

Рамазан айы- Хижра күнтізбесінің тоғызыншы айы. Бұл айда мұсылман бір ай бойы ораза тұтады. Яғни, таң сәреден күн батқанша ішіп-жеуден, түрлі жаманшылық атаулыдан өзін аулақ ұстап, күнә істерді тоқтатады.

– Бекітілген кестеге сай, 2024 жылы Рамазан айы 11 наурызда басталып, 10 сәуірде аяқталады. 10 сәуір Ораза айттың бірінші күні. Ал Қадір түні 5-нен 6 сәуірге қараған түнге сәйкес келіп отыр. Сәуірдің 5-сінен 6-сына қараған түні – Қадір түні, – деді Қостанай облысының Бас имамы Бахытбек ТӘЖІМБЕТ

Естеріңізге сала кетейік, биыл пітір мөлшері 640 теңге болып белгіленді. Пітір садақаның мөлшері Қазақстан бойынша 2 келі ұнның орташа бағасымен есептелді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


Поделитесь этой новостью!