Ізгі жандар үлгісі

Ізгі жандар үлгісі

Барша мұсылман қауымының асыға күтетін, мол сауапқа кенеліп, игілік пен жақсылыққа ұмтылатын, сансыз қайырымдылық жасайтын Рамазан айы да алғашқы аптасын түгесуге таяу. Ораза жай ғана ішіп-жемнен тыйылу емес, ішкі жан-дүниеңді, руханиятыңды тәрбиелеу, тепе-тең ету.

Оразаның аузы берік адамға ғана емес, сонымен қатар, қоғамға да пайдасы бар екенін әрбір мұсылман баласы түсінеді. Бұл айда дәулетті адам мен жоқ-жітік арасында байланыс орнайды.
Қай қоғамда болмасын, әлеуметтік жағдайы төмен, шын мәнінде көмекке мұқтаж жандар кездеседі. Солардың бірқатарына Тобыл қаласының Нұржан Наушабаев атындағы мектеп-гимназиясының ұжымы қайырымдылық жасап, азық-түлік жеткізіп берді. Оразаның алғашқы күнінен бастап 33 отбасыға көмек көрсетілді. Осы үйлердегі мектебімізде білім алатын 49 оқушымыз бар.
«Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын!» деген мақал тегін айтылмаған. Бірінің жасаған қайырымдылық ісін екіншілері естіп, қуана қайталап жатыр. Осы қара шаңырақтың әлеуметтік ұстазы ретінде қолыма қалам ұстауға итермелеген жомарт жандардың ісі еді. Ауызбірлігі мол, жандары жайсаң адамдармен бір ұжымда қызмет ететініме шүкіршілік етемін.
Алла Тағаладан мұсылман жамағатына жауабы мен сауабы қатар келген ұлық Рамазан айын лайықты түрде атқаруға жәрдем тілеймін!
Назгүл АХМЕТОВА,Тобыл қ. Н.Наушабаев атындағы МГ әлеуметтік педагогы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


Поделитесь этой новостью!