Enactus Baitursynuly: жүйелі дамудың тәжірибесі
Қостанай өңірлік университетінде 2022 жылы құрылған Enactus Baitursynuly командасы қысқа уақыт ішінде құрылымы қалыптасқан ұйымға айналып, National EXPO 2024 байқауында Топ-16 қатарына енді. Команданың дамуы, жобалық тәжірибесі және басқарушылық шешімдері туралы команда капитаны Гүлдана Борамбаева айтып берді. - Enactus Baitursynuly командасы қалай пайда болды? -Команда 2022 жылы университет базасында тәжірибеге бағытталған кәсіпкерлік білім беру қажеттілігіне жауап ретінде құрылды. Алғашқы құрам небәрі үш адамнан тұрды. Алайда бұл шектеу емес, керісінше, жоғары жеке жауапкершілік пен нақты нәтижеге бағытталған жұмыс мәдениетін [...]












