Кітапты серік еткен Інжу-Маржан
Жақында Қостанай облысындағы «Оқы және жең» ІІІ облыстық онлайн байқауының қорытындылары шығарылып, жеңімпаздарды салтанатты марапаттау іс-шарасы өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Озық ойлы ұлт болудың ең төте жолы – кітап оқу. Сондықтан кітап оқу мәдениетін қоғамда барынша орнықтыруымыз керек» деген сөздерінің бірден бір дәлелі ретінде өткізіліп келе жатқан бұл бірегей жобадан Қостанай ауданы «Айсары жалпы білім беретін мектебі» КММ мектебінің педагогтары мен оқушылары да тыс қалған жоқ. Байқау басталғаннан бері мектеп бойынша барлығы 18 мұғалім, 35 оқушы және 11 ата-ана тіркелді. [...]