Выборы-2023: предвыборная программа

Выборы-2023: предвыборная программа

 №1 САЙЛАУ ОКРУГІ БОЙЫНША ҚОСТАНАЙ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫҒЫНА «AMANAT» ПАРТИЯСЫНАН КАНДИДАТ ИРГАСЫМОВА ЖҰМАГҮЛ МАРАТҚЫЗЫНЫҢ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ

 Құрметті Тобыл қаласының тұрғындары!

Мен, Иргасымова Жұмагүл Маратқызы, 1976 жылы 5 наурызда Қостанай облысы Жангелдин ауданы Шилі ауылында дүниеге келдім. 1997 жылдан бері Қостанай ауданының орталығында тұрамын, ауданның тұрмыс-тіршілігімен, әлеуметтік-экономикалық жағдайымен етене таныспын.  2001 жылы  Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетін «Журналистика» мамандығы бойынша тамамдап,  20 жылдан астам уақыт  «Арна» әлеуметтік қоғамдық саяси газетінің бас редакторы қызметін атқарып келемін. 2007 жылдан бастап «AMANAT» партиясының мүшесімін. Бұқаралық ақпарат құралында жұмыс істеу маған тұрғындарды толғандыратын көптеген мәселелерді көріп қана қоймай, оларды шешуге тікелей қатысуға мүмкіндік береді. Мен жасап жатқан қызметімнің арқасында газет оқырмандары, яғни аудан халқымен күнделікті тікелей байланыстамын. Осындай мүмкіндіктің арқасында азаматтардың нақты қажеттіліктерін біліп қана қоймай, түйіткілді мәселелерге жауапты тұлғалардың назарын аударып, орындалуын бақылауда ұстаймыз. Менің Қостанай ауданында 20 жылдан астам уақыт жасап келе жатқан еңбегімнің, алған тәжірибемнің қоғамға сәл де болса пайдасы тиер деген мақсатпен, аудандық маслихат депутаттығына «АМАNAТ» партиясы атынан сайлануға шешім қабылдадым. Сіздер мені қолдайды деп үміттенемін!

Құрметті аудан тұрғындары! Сырт көз сыншы, бүгінгі күнге дейін де көптеген нақты істер тыңдырылып, жоспарлар жүзеге асырылуда.Бәрі бірден орындалып кетпегенімен, жан-жағымыздағы тың өзгерістерді байқамауға болмайды. Мен де, аудандық газеттің беттерінде көптен көтеріп жүрген сұрақтардың негізінде алдағы уақытқа депутаттық жоспар құрып отырмын. Ол  халықты тұрғын үймен қамту, аудан орталығы Тобыл қаласын абаттандыру, азық-түлік бағасын реттеуге қатысу.

Нақтырақ тоқталсам, Тобыл қаласында тұрғын үй алуға  кезек үлкен.Түрлі санаттағы азаматтар көп жылдар бойы күтуге мәжбүр. Сондықтан, жаңа тұрғын үйлер салу мәселесі мен қоса пәтерлердің бөлінуі де менің назарымда болады.

Екіншіден, аудан орталығы қала статусын алғанына  3 жыл  болды. Бірден бәрі өзгеріп кетпегенімен, жасалып жатқан абаттандыру жұмыстарының сапасына көңіл бөлініп, азаматтарымыздың жайлы өмірін қамтамасыз ету маңызды. Жасалған тас жолдар мен тратуарлар, балаларға арналған ойын алаңдары, отырғызылған ағаш көшеттері мен гүлзарларды тұрғындар сынап, көңілдері толмай жатады. Сондықтан, көше,аула абаттандыру сұрақтарына тұрғындар араластырылып, мәселелер талқыланып, ортақ шешіммен жүзеге асып жатса, «нұр үстіне нұр» емес пе!

Соңғы жылдары азық-түлік бағасының қымбаттауы, тұрақсыз болуы халықты қатты қиналтты. Мемлекет тарапынан аймақтарда тұрақтандыру қорларының құрылғанымен, бағаны толық құрықтаудың мүмкіндігі болмай тұр. Сондықтан,құрметті қауым, сіз бен біз болып дүкен сөрелерінде бекітілген бағамен сатылатын әлеуметтік тауарлардың бағасының орынсыз қымбаттамауын қоғамдық бақылауда ұстап, белсенділік танытуымыз керек деп ойлаймын. Қашанда бірлігі бар елдің алмайтын қамалы жоқ! Сондықтан, Сіздердің қолдауларың мен үшін өте маңызды!

Осы мәселелер төңірегінде сіздерден нақты ұсыныстар күтемін. Кері байланыстың маңыздылығы зор!

 Мен әрқашан байланыстамын!

Тел/WhatsApp: +7 747 288 13 95

E-mail: gumaguli@mail/ru

Instagram: @ zhumagulirgas

Facebook: Жумагуль Иргасымова

ӘРЕКЕТ ЕТЕТІН УАҚЫТ КЕЛДІ!
БӘРІМІЗ ҮШІН АДАЛ  ДА ӘДІЛ  ЕРЕЖЕЛЕРДІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТЕЙІК!

ПРЕДВЫБОРНАЯ ПРОГРАММА КАНДИДАТА В ДЕПУТАТЫ КОСТАНАЙСКОГО РАЙОННОГО МАСЛИХАТА ОТ ПАРТИИ «AMANAT»  ПО ИЗБИРАТЕЛЬНОМУ ОКРУГУ№1
Иргасымовой  Жумагуль Маратовна

Я, Иргасымова Жумагуль Маратовна, родилась 5 марта 1976 года в селе Шили Джангельдинского района Костанайской области.

В 2001 году окончила КГУ им.А.Байтурсынова по специальности «Журналистика». Более 20 лет являюсь главным редактором районной газеты «Арна». С 2007 года являюсь членом партии «AMANAT».

Работа в СМИ позволяет мне не только видеть все те проблемы, которые волнуют жителей, но и непосредственно участвовать в их решении – посредством публикаций, обращающих внимание ответственных лиц, обращений к ним, контроля за выполнением. Также по роду своей деятельности я ежедневно нахожусь в непосредственном контакте с населением и поэтому знаю реальные потребности граждан. Этим обусловлено мое решение выдвинуть свою кандидатуру в депутаты районного маслихата.

В районном центре есть ряд вопросов, которые я готова поставить перед собой и направить на их решение свою депутатскую деятельность.

  1. В первую очередь, в городе Тобыл имеется проблема большой очередности на получение жилья. Поэтому ставлю цель способствовать решению жилищных вопросов наших граждан за счет строительства нового жилья или привлечения инвестиций.
  2. Во-вторых, в районном центре жители поднимают вопросы о благоустройстве микрорайонов города. Для обеспечения комфортной жизни наших граждан мы должны создавать необходимые условия для детей и взрослых в каждом дворе и на каждой улице.
  3. Вопрос регулирования ценообразования уже не первый год стоит на повестке дня. Поэтому считаю необходимым депутатам включаться в эти процессы.

Уважаемые жители города Тобыл!

Сегодня от каждого из нас зависит, какой будет наша страна завтра. Выборы – это именно тот случай, когда граждане сами определяют дальнейший ход развития места, где они проживают.

Я рассчитываю на вашу поддержку и обещаю приложить весь опыт и знания, чтобы решить наши проблемы и оправдать ваше доверие!

Я всегда на связи!

Тел/WhatsApp: +7 747 288 1395

E-mail: gumaguli@mail.ru

Instagram: @ zhumagulirgas

Facebook: Жумагуль Иргасымова

С уважением, ЖУМАГУЛЬ ИРГАСЫМОВА

ВРЕМЯ ДЕЙСТВОВАТЬ! ОБЕСПЕЧИМ ЧЕСТНЫЕ ПРАВИЛА  ДЛЯ ВСЕХ!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


Поделитесь этой новостью!