Көлеңкелі бизнес қоғамға қаншалықты қауыпті?

Көлеңкелі бизнес қоғамға қаншалықты қауыпті?

Қостанай облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің мәліметінше жүргізілген мониторинг акцизделетін өнімдердің заңсыз айналымының ұлғаюын көрсетті. Ұлттық статистика бюросының мәліметтеріне сәйкес алкоголь өнімін тұтыну бойынша Қостанай облысы көшбасшылардың бірі (республикада Ақтөбе облысынан кейін 2-ші орын).

2024 жылдың алты айының қорытындысы бойынша тіркелген 104 қылмыстық істің 74-і (немесе 71,15%) іс жүргізумен аяқталды, оның 71-і сотқа жіберілді, 3-і бойынша іс тоқтатылды.

Қылмыстық істер бойынша 3 306 491 859 теңге сомасына залал белгіленіп, бұғаттаудың есебінен 4 167 687 875 теңге өтелді.

Сонымен қатар, экономикалық және қаржылық қылмыстарды анықтау саласында көлеңкелі экономикаға байланысты істерді қозғауға баса назар аударыла бастады, өйткені оның едәуір бөлігі жалған шот-фактураларды жазып беру, қаржы пирамидаларын ұйымдастыру, заңсыз ойын бизнесі, қолдан алкоголь өндіру және сату, жалған ақша жасау, контрафактілік өнім өндіру бойынша құқық бұзушылықтар болып табылады.

Осыған байланысты Департаменттің жедел бөлімшелері құқық бұзушылықтың осы түрлерін анықтауға және жолын кесуге бағытталған жұмыстарын күшейте түсті. Өйткені бұл субъектілерді кәсіпкерлер қатарына жатқызуға болмайды. Олар салық төлемейді және әлеуметтік міндеттемелерді орындамайды.

Департаменттің мәліметінше жүргізілген мониторинг акцизделетін өнімдердің заңсыз айналымының ұлғаюын көрсетті. Бұл ретте, біздің облыс Ұлттық статистика бюросының мәліметтеріне сәйкес алкоголь өнімін тұтыну бойынша көшбастап тұр (республикада Ақтөбе облысынан кейін 2-ші орын).

Алкоголь өнімдерін өндіретін заңсыз цехтар қоғамға ерекше қауіп төндіреді. Олардың өнімдерін пайдалану халықтың өмірі мен денсаулығына өте қауіпті. Өкінішке орай, 2020 жылы Арқалық қаласының тұрғындарының жаппай улануының себебінен 11 адам қайтыс болғаны әлі есімізде. Сондықтан департамент тарапынан алкогольді заңсыз өндіруге қарсы жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілуде.

Осы құқық бұзушылықты жасағаны үшін іс – әрекеттер ҚР ҚК 214-бабы-Заңсыз кәсіпкерлік қызметті жасау бойынша сараланады. Ол бойынша, әдетте, ҚР ҚК 233-бабы (жалған есепке алу-бақылау маркалары) сияқты, фигуранттар да тек елеусіз айыппұлдармен шектеледі. Бұл жоғарыда аталған құқық бұзушылықтардың қайталануына әкеледі. Жедел тәжірибе көрсеткендей, алкогольді заңсыз өндіру саны азаймайды.

Алкоголь өнімін тұтынудың криминогендік жағдайын ескере отырып, департамент алкоголь өнімін өндіру бойынша екі заңсыз цехтың қызметін тоқтатты. Заңсыз айналымнан 8 543 бөтелке суррогат алкоголь, 1000 литрден астам алкоголь, сондай-ақ жалған есепке алу-бақылау маркалары мен алкоголь өндіруге және құюға арналған қолдан жасалған аппарат тәркіленді.

Алынған алкоголь өнімінің құны шамамен 9 млн теңгені құрайды. Заңсыз өндіріс алкоголь мен суды араластырудан тұрады. Содан кейін суррогат өнімдері әртүрлі атаулармен ыдысқа құйылып сатылған. Жалған алкоголь Қостанай қаласы мен облыс аудандарының аумағындағы шағын дүкендерде сатылған. Қазіргі уақытта осы факт бойынша заңсыз кәсіпкерлік қызмет және жалған есепке алу-бақылау маркаларын пайдалану бойынша сотқа дейінгі тергеу жүзеге асырылуда.

Сонымен қатар, ағымдағы жылдың наурыз айында Қостанай қаласында темекі өнімдерінің сәйкестендіру белгісісіз заңсыз айналымына байланысты заңсыз кәсіпкерлік қызмет фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. 5 қылмыстық іс қозғалды. Іздеу іс-шараларының нәтижесінде сақтау және өткізу орындарында 220 млн теңге сомасына Қазақстан Республикасының акциздік маркалары жоқ түрлі маркалы, шетелдік өндірістегі темекі өнімдері табылды және тәркіленді. Сот үкімдерімен аталған адамдар сотталды, темекі өнімі жойылды.

Қостанай облысы түрлі акцизделетін өнімдерді өткізетін транзиттік хаб ретінде пайдаланылады. Тауарлардың бір бөлігі тиісті салықтар мен баждарды төлемей өңірде сатылады. Өздеріңіз білетіндей, ағымдағы жылдың маусым айында ҚР-да вейп, хош иістендіргіштер мен сұйықтықтарды әкелуге тыйым салу туралы заң күшіне енді. Осы бағытта да жедел іздестіру іс-шаралары жүргізілуде.

Ресей Федерациясынан Қазақстан Республикасына вейптерді жеткізу арнасы жабылды. 35,2 млн теңге сомасында ірі партия өнімдерді әкелу және өткізу кезінде РФ азаматтары Рябчиков пен Лейкин ұсталды. Сот үкімімен аталған адамдар сотталып, алынған өнім жойылды.

Сонымен қатар, «лудомания» – құмар ойындарына тәуелділіктің кең таралған түрін жою бойынша іс-шаралар жүргізілуде. Мәселен, ағымдағы жылы жедел-іздестіру іс-шаралары барысында чиптер, ойын карталары мен ақша қаражаттары тәркіленіп, казино таратылды. Заңсыз ойын мекемесі жеке сауна ғимаратында жұмыс істеген. Заңсыз әрекеттерді жасыру үшін казино ұйымдастырушылары бүкіл қауіпсіздік жүйесін ойластырған. Олардың клиенттік базасы тек тексерілген ойыншылардан тұрды.

Экономикалық құқық бұзушылықтар технологиялармен бірге дамуда және жауапкершіліктен бас тарту мақсатында зиянкестер интернет кеңістігін белсенді қолданады. Кез-келген тұрғын, оның ішінде кәмелетке толмаған адамдар интернет-казино қызметтерін пайдалануға мүмкіндіктері бар. Бұл құбылысқа қарсы тұру үшін мемлекет құқық қорғау және мемлекеттік органдар жұмыс істейтін «Кибернадзор» ақпараттық жүйесін әзірледі. Экономикалық зерттеу департаменті осы жүйеде бірінші жартыжылдықта онлайн-казино сайттарына 301 сілтемені бұғаттады. Сонымен қатар, Департамент Қостанай облысының аумағында заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырудың, оның ішінде «Тик-Ток» платформасында және түрлі қосымшаларда құмар ойындарды ұйымдастырудың жаңа фактілерін анықтау бойынша әлеуметтік желілерге тұрақты негізде мониторинг жүргізеді.

Бұдан басқа, экономикалық құқық бұзушылық фактілері туралы кез келген бей-жай қарамайтын азамат «АФМ_Insider_BOT» бот жеделхатында анонимді түрде хабарлама жібере алады. Бұл ақпарат хабарлама сипатында болатынын және қылмыстық іс қозғауға себеп болмайды. Ресми өтініш үшін Қостанай облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментіне тікелей хабарласа аласыңыз. Қостанай облысы бойынша сенім телефоны (кезекші бөлім): 53-60-26.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


Поделитесь этой новостью!