Бозкілемде палуандар жаңа қырынан көрінді

Бозкілемде палуандар жаңа қырынан көрінді

Астана қаласында 1-5 ақпан аралығында өткен күрес түрлерінен ел чемпионаты өз мәресіне жетті.

Грек-рим күресі палуандарынан кейін бозкілемге еркін күрес шеберлері шығып, өзара шын мықтыны анықтады.

Бұл чемпионат Париж Олимпиадасының іріктеу турниріне қатысатын спортшыларды анықтау мақсатында өткізілгендіктен жарыс аса тартысты және қызықты болды.

Жарыстың соңғы күні еркін күрестен 5 салмақта 144 палуан боз кілемге шықты. Ауыр салмақта өнер көрсеткен Қостанай ауданың спортшысы Талғат Жиентаев (125 келі) 3 орынды қанжығасына байлап, қола жүлдемен оралды. Бәйгеге қосар атыңның Ерін алма, терін ал.

Күреске түсер батырдың, Көңілін жайла, шерін ал – дегендей Талғаттың болашақта әлі талай белестерді бағындыруына тілектеспіз.

Әсел ЖАНҰЗАҚҚЫЗЫ,
дене шынықтыру және
спорт бөлімі әдіскері

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


Поделитесь этой новостью!