Белбеу күресі белділерді сынады
Белбеу күресі қазақтың ең көне спорт түрлерінің бірі. Қазақстанда бұл жекпе-жек өнер үлкен сұранысқа ие.
Белбеу күресі 1938 жылдан бері Республикалық жарыстар бағдарламасына енген. 2016 жылы ЮНЕСКО толеранттылық, ізгі ниет және ынтымақтастық принциптеріне негізделген қауымдар арасындағы қатынастарды нығайтуға әсерін атап өте отырып, белбеу күресті адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының репрезентативтік тізіміне енгізді.
Белбеу күресі белі байланған екі жауынгердің өзара жекпе-жегін көрсететін күрес түрі. Спортшылар жекпе-жек кезінде бір-бірін белбеуден ұстап, белдеседі және әрқайсысы өз қарсыласын жығуға, жеңуге тырысады.
Айта кетсек 2007 жылға дейін Қазақстандағы белбеу күресі және басқа да ұлттық күрес түрлері қауымдастығы Федерация күйінде тіркелген болатын, 2014 жылдан бастап Мәдениет және спорт министрлігімен аккредитациядан өтіп, бекітілді.
Осы орайда 2024 жылдың 4-5 ақпанында ерлер мен әйелдер арасында белбеу күресінен Қостанай облысының Чемпионаты өткен болатын. Аталған Чемпионатта Қостанай ауданының құрама командасы 1 орынды қанжығасына байлады.
Классикалық үлгідегі жеке есепте Кункубаев Данияр 1 орын (68 кг.), Жамбыршы Адлет 1 орын (82 кг),
Кабдолмажитов Аманжол 1 орын (+100кг.) иеленсе, еркін үлгіде – Абдуаитов Шалкар 1 орын (57 кг дейін), Камиев Медет 1 орын (68 кг дейін), Танатбаев Амир 1 орын (82 кг дейін), Кункубаев Абдрахман 1 орын (100 кг дейін), Жумагали Алмаз 1 орын (+100 кг), Арипхан Мухамедхан 3 орынды (+100кг) қанжығаларына байлады. Спортшыларымызды құттықтай отырып, алдағы жарыстарда тек қана жеңіс пен сәттілік тілейміз!
Әсел ЖАНҰЗАҚҚЫЗЫ,
дене шынықтыру және
спорт бөлімі әдіскері
Добавить комментарий