Бұлақтардың көзін ашқан онкүндік

Бұлақтардың көзін ашқан онкүндік

Жақында Озерный негізгі мектебінде «Үштілділік – болашаққа сенімді қадам» онкүндігі болып өтті. Әр күн өз атауымен аталып, тіл мамандары, кітапханашы және қосымша білім беру педагогының көмегімен өткізілген іс-шаралар легі мазмұнды болды.

Іс-шаралардағы басты ерекшелік – үш тілде (қазақ, орыс, ағылшын тілдері) өткізілуінде. Оқушылар тілді қандай деңгейде меңгергенін көрсете білді. Тіпті, балалар үзіліс уақытында да үш тілде сөйлесуге тырысты. Бұл ауызекі сөйлеу машығын дамытатын жақсы дағды.
Балалар қосымша білім беру педагогымен бірге үш тұғырлы тілге қатысты сурет салып, ойларын қағаз бетіне түсірді. Үздік туынды иелері марапаттан құр қалған жоқ. Қазақ тілі мұғалімі М.Есмакова орыс тілінде оқитын оқушылармен ауылдарды аралап, қазақ халқының әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін таныстырды. Мұндағы «ауылдар» деп отырғанымыз – бір-бір елді мекен атын алған сыныптар.
Мектеп кітапханашысы балалардың сүйіп оқитын кітаптарын көрмеге қойды. Ішінде ағылшынша кітаптар да бар. Әрине, оның бірі – Гарри Поттердің хикаялары. Талантты оқушылар үш тілде де ән айта алатынын көрсетті. Орыс тілінде атақты мысалшы И.А. Крыловтың шығармаларын сахналады. Үш тілде мақал-мәтел мен жаңылтпаш айту сайыстары да шәкірттеріміздің көңілінен шыққанын айта кеткен жөн. Онкүндік соңында балалар үш тілде эссе жазып, тақпақ шығарды. Ағылшын тілінде эссе жазудан 6 «а» сынып оқушылары Диляра Аманжолова мен Нұреке Амантай алдына жан салмады. Тақпақ шығарудан 5 «а» сынып оқушысы Сырымбет Сезімхан жеңді. Іс-шараға қатысқан барлық оқушылар мадақтамамен марапатталып, тәтті сыйлықтар үлестірілді.
Асылтас АЛИМАНОВА,
Озерный НМ
директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


Поделитесь этой новостью!