Бүкілхалықтық таңдаудың жарқын нәтижесі
Латын әліпбиіне көшу – ұлтымыз үшін маңызды әрі өзекті мәселе болып табылады. Латын әліпбиі – әлемдегі ең танымал жазулардың бірі, яғни, болашағы зор деген сөз. Сондықтан Елбасының шешімін қолдап, оның әрі қарай жүзеге асуына үлес қосуымыз қажет. Уақыт талабымен санассақ, бұл дегеніңіз жаңа саты, жаңа үдеріс, жаңа дәуір деп ойлаймын.
Осы уақыт ішінде барлық қоғаммен талқыланған жаңа әліпбидің нұсқасы халықтың қолдауын алып, оң нәтижесін берді. Менің ойымша, латын әліпбиінің соңғы нұсқасы тиімді. Өйткені, бүгінгі жаңа нұсқада өзекті мәселелердің барлығы ескерілді. Жарияланған жаңа редакциядағы латын графикасына негізделген қазақ әліпбиінде апострофтар алынып тасталды, сонымен қатар бірнеше әріп диграф арқылы жазылатын болды. Инновациялық даму мен жоғарғы технологияның әліпбиіне айналған латын қарпіне көшу – әлемнің дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіруді мақсат тұтқан үдемелі индустрияландыру саясатына тың серпіліс беретініне халқымыз толық сенеді.
Біз латын әліпбиіне көше отырып, өркениетті елдердің қатарына қосылып, тіліміздегі дыбыстық жүйелерді нақ анықтап, қазақ тілінің жазылуы мен дыбысталу кезінде сөздер қолданысындағы артық кірме сөздерден арыламыз. Сондықтан латын әліпбиіне көшу біз үшін, болашақ үшін әлдеқайда маңыздырақ. Ал, бекітілген латын әліпбиінің жаңа нұсқасы – бүкілхалықтық таңдаудың жарқын нәтижесі.
Тоты АЙТМАҒАМБЕТОВА,
Қостанай аудандық тілдерді оқыту орталығының директоры
Добавить комментарий