Асығың алшысынан түссін!
Ұлттық ойындарымыздың тәрбиелік мәні үлкен. Ол тікелей бала тәрбиесіне де байланысты. Қазақ халқы «Тәрбие тал бесіктен басталады» деп бекер айтпаған. Балаларымыздың ұлттық ойындарға деген қызығушылықтарын арттырып, оқу-тәрбие жолында ұтымды пайдаланған жөн.
Қазақ халқы мәдени мұраға бай. Сондай бір қомақты дүниелер қатарына ұлттық ойындарымызды жатқызуға болады.
Асық ойыны – әр өлкеде әртүрлі ерекшеліктерін сақтай отырып дамыған ұлттық ойындардың ішінде аса танымалы және қазақ халқының дәстүрлі ұлттық ойындарының ең қызықты әрі өте кең тараған түрі.
Сондықтан ғасырлар бойы халықтың зердесінде сақталып келген осы бір ойынды өскелең ұрпақты тәрбиелеудің құралы ретінде пайдаланған жөн. Балаларымыздың ұлттық ойындарымызды ойнау, ойнауды үйрену үстінде өнеге алып , мінез қалыптастырады деген мақсатпен Қостанай ауданында ата-бабамыздың мұрасы болған «Асық ату» жарысынан үлкен іс-шара өткізілді. Сол жарысқа Рыспай негізгі орта мектебінің оқушылары да қатысып, 1 орынды иеленді. «Асық ату» ойыны тәрбиеленушілерімізді мергендікке, ептілікке, дәлдікке баулиды, сонымен қоса балалардың ұлттық ойындарға деген қызығушылықтарын арттырады. Ұлттық ойындарымызды өскелең ұрпақтың бойына сіндіру біздің қолымызда деген сенімдемін.
Хамит БАРМАКОВ,
«Рыспай негізгі орта мектебі» КММ
дене шынықтыру пәні мұғалімі
Добавить комментарий