Әлеуметтік және экономикалық даму: Қостанай облысының жетістіктері
Қостанай облысының 2024 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары бойынша өткен кеңес отырысы «KamLitKZ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің шойын құю зауытында өтті. Аталған кәсіпорын өңірдің индустриялық аймағында орналасқан. Кеңеске қатысушыларға көліктерге арналған қосалқы бөлшектер шығаратын өндіріс орнында арнайы экскурсия өткізілді. Құны 78,2 миллиард теңге болатын жобаны іске асыру нәтижесінде 500 жұмыс орны ашылды. Зауыт барлық заманауи талапқа сай келеді. Автоматтандыру және энергиялық тиімділік деңгейі жоғары болғандықтан, қоршаған ортаға әсері аз. Қазіргі уақытта мұнда 30 робот бар. Олар анағұрлым күрделі әрі ауыр технологиялық [...]












