Қостанай ауданының бюджеті: дамудың жаңа мүмкіндіктері
Жетінші ақпанда Қостанай аудандық мәслихатының кезектен тыс сессиясында 2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджет нақтыланды. Аудандық бюджет жергілікті деңгейдегі қаржылық жоспар. Оның негізгі мақсаты халықтың әлеуметтік-экономикалық қажеттіліктерін қамтамасыз ету және аймақтың тұрақты дамуын қолдау. Сондықтан аудандық мәслихаттың депутаттары бюджетке еңгізілген өзгерістерді мұқият талқылады. Депутаттар алдында сөз алған Қостанай ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімінің басшысы Индира Хамзинаның айтуынша 2025 жылдың басында аудандық бюджетте қалыптасқан 1 млр 078 млн 571 мың теңге қаражатты келесі мақсаттарға жұмсау көзделіп отыр. Заречный ауылдық округіне қарасты Арман [...]












