Бір жүк көлігінен басталған жол: Тұрсын Алқаудың табысы мен қайырымдылық миссиясы
Арманға сенген адам үшін әлемнің ешбір шекарасы кедергі емес. Тобыл өңірінен түлеп ұшқан Тұрсын Алқау осы ақиқатты өз өмірімен дәлелдеген азаматтардың бірі. Қарапайым ауыл мектебінен басталған жол оны шетелдік білім мен халықаралық кәсіпкерлік деңгейіне алып шықты. Бүгінде мұхиттың ар жағында табысты компания басқарып отырған жерлесіміз туған елінен қол үзбей, жас ұрпақтың болашағына қолдау көрсетуді азаматтық борышы санайды. Оның бастамасымен құрылған Alkau Foundation қайырымдылық қоры биыл да білімде үздік нәтиже көрсеткен Нұржан Наушабаев атындағы мектеп-гимназия түлектерін арнайы марапаттады. Жас буынның жетістігін [...]












