Абай мұрасы – халық ұлағаты
Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толуына орай Л.Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында өткен «Абай мұрасы – халық ұлағаты» атты ашық микрофонда Садчиков үлгілі ауылдық кітапханасының жанынан құрылған «Қазына» және «Өркен» клубы мүшелері «Оқудан қайтқан Абай» атты сахналық қойылым көрсетті. Сахналық көріністе қазақтың ұлы перзентінің бала Абайдан дана Абайға жетуіне себепкер болған - Зере әжесі мен әкесі Құнанбай арасындағы әңгімелер көрініс тапты. Абай мен Зере әженің, Құнанбай мен Абайдың диалогы көркем тілмен өріліп, әже, бала және немеренің [...]












